|
ИСИМ Тиркит әкімі: Сүннилер де, шииттер де кәпірлер!
|
Ирақ әскері тұтқындаған «Ирақ-Сирия Ислам мемлекетінің» (ИСИМ) Тиркит әкімі: «Әбу Ханифа өз заманының бидғатшы имамы еді. Сүннилер де, шииттер де тәубе етіп, Әбу Бәкір әл-Бағдадиге (ИСИМ-нің рухани көсемдері) қол тапсырмаса, кәпір болады! Бағдадиге қол тапсырмайынша сүннилеріңе де, шииттеріңе де, христиандарыңа да, манденлеріңе де құтылу жоқ», – деді Әл-Ирақия теле арнасына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ИСИМ-нің Тиркиттегі Мәкшәфия әкімі де: «Біз астанамыз Бағдат болатын бір халифат құруды қалаймыз. Халифатымызда ширкке орын болмайды. Барлық хусаинияларды (ғибадатханалар), мешіттерді, шіркеулерді қырып тастаймыз», – деп мәлімдеген екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)