Индустар төрт мұсылманды тірідей өртеп жіберді
Индустар төрт мұсылманды тірідей өртеп жіберді
10 жыл бұрын 4179

Үндістанның Биһар штатында индустар мұсылмандар тұратын ондаған үйге от қойып, төрт мұсылманды тірідей өртеп жіберген. Бұл жайында Aljazeera ақпарат көзі хабар таратты. Бұған балық аулауды кәсіп еткен ауыл тұрғындарының жас жігіттің қазасын мұсылман жамағатынан көргені себеп болған. Нақтырақ айтқанда, төрт мұсылманның азаппен көз жұмуына апарып соқтырған бұл қайғылы жағдайдың орын алуына мұсылман бойжеткені өзіне көңілі ауған үнді жігітінің жұмбақ өліміне себеп болды деген қауесеттің түрткі болғанын айта кету керек. Бұған қандай да бір дәлел табылмаса да 5000-нан аса үнді жиналып, мұсылман ауылына шабуыл жасап, оны өздеріңіз білетіндей бірнеше кісі өлімімен аяқталды. Полиция қызметкерлері қаны қарайған үнділердің тосқауылынан мұсылмандарға дер кезінде көмекке келе алмады. Бірнеше мың адам қатысқан осынау қанды оқиғаға байланысты артынан бар-жоғы сегіз адам ғана тұтқындалды. 

0 пікір
Мұрағат