|
Имам священник дипломын алды
|
Абдулла Половина есімді 41 жастағы босниялық имам Сиэтл университетінің христиан дінтануы факультетін тәмамдап, священник дипломын алды. Ол Босниядағы Портленд елді-мекеніндегі босниялық жамағатқа жетекшілік етеді. Дінаралық диалогқа белсене қатысып, наным-сенімі өзгелермен татулыққа үлес қосып келеді. Бұл жайында «Seattle Times» ақпарат көзі хабар таратты. Абдулла Половина туралы аталмыш факультет деканы лебізін білдіре келе: «Ол дәрістерге қатысу арқылы көптеген студенттерге ислам дінінің құндылықтарын терең түсінуіне көмектесті», - деді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды