|
Христиандар да мұсылмандармен бірге ораза ұстамақ
|
Әлемнің әр түкпірінен христиандар #Christian4Ramadan («Христиандар Рамазанда») деп аталатын қоғамдық науқанға атсалысып, мұсылмандармен бірге ораза ұстауға көшеді. «Биыл мен #Muslims4Lent («Мұсылмандар Ұлы Оразада») атты кей мұсылмандардың христиандар үшін шара ұйымдастырғанын естіп, қатты толқыдым. Сол себепті, мен Рамазанда ауыз бекітуге бекіндім», - деп жазыпты ораза ұстап жүрген Натаниэль Виткус есімді христиан өзінің блогында. Расында да, үстіміздегі жылдың ақпан айында ағылшын тілді елдерде өмір сүретін мұсылмандардың кейбіреуі христиандарша ауыз бекіткен болатын. Ондағы мақсат – исламофобиялық құбылыс өршіп тұрған батыс елдерінде дінаралық татулықты насихаттау әрі исламның бейбіт дін екенін көрсету болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды