Хижаб күні мемлекеттік мереке ретінде ресми мойындалды
Хижаб күні мемлекеттік мереке ретінде ресми мойындалды
3 жыл бұрын 4531 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын ақпан айының 1-і күні әлемнің әр түкпірінде аталып өтетін Халықаралық Хижаб күніне қарсаңында Филиппин билігі бұл күнді мемлекеттік деңгейде аталып өтетін мереке ретінде ресми таныды. Бұл жайында islam.kz порталы  Sun Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Шариғат шәлісін жамылған әйелдер үшін орны бөлек әрі асыл дінімізді насихаттауда маңызы зор осынау атаулы күннің пайда болғанына да көп уақыт өте қойған жоқ. Негізі бұл атаулы күннің пайда болуына батыс елдеріндегі «мұсылман әйелдердің өз еркі жоқ» деген жаңсақ ұғымына қарсы тойтарыс беру ниеті түрткі болғанын біреу білсе, біреу білмес. Дәлірегі, 2013 жылы Нью-Йорк мегаполисінің Назма Хан есімді тұрғыны ойлап тапқан болатын. Оның бастамасы әлемнің әр түкпірінде кеңінен қолдау тауып, халықаралық маңызы зор науқанға айналды. Бұл күні наным-сенімі бөлек әйелдер шариғат шәлісін бір күн бойы тағып көреді, осы науқанның арқасында талай әйел ислам дінін қабылдаған да болатын.  Филиппин Өкілдер палатасы осы аптада ақпанның 1-і күнін «Ұлттық хижаб күні» мемлекеттік мереке ретінде тану үшін бірауыздан дауыс берді. Аталмыш заң жобасының қабылданауына осы бастаманы көтерген депутаттар Ансаруддин Әбдімәлік Адионг пен Амихилда Сангкопанның еңбегі зор болды.

0 пікір
Мұрағат