Маңғыстаулық жігіттер тері ауруларын анықтайтын сайт жасап шығарды
Маңғыстаулық жігіттер тері ауруларын анықтайтын сайт жасап шығарды
3 жыл бұрын 3011

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының тумасы Аймұрат Жеткізгенов түрлі тері ауруларын анықтайтын сайт ойлап тапты, деп хабарлады baq.kz ақпарат көзі аталған аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алып жатқан Аймұрат Жеткізгенов бұл сайтты ғылыми жоба ретінде жасап шығарған. Дәрігердің кеңесімен жетілдірілген портал арқылы бөртпенің қандай ауру екенін білуге болады. Ол үшін жараны суретке түсіріп, сайтқа енгізсе, жеткілікті. Ондағы арнайы бағдарламалық кодтар 9 түрлі дертті анықтап бере алады. Сайт атауы «SkinSaver» деп аталады. 

Медицина мамандары қандай да бір дертті өзі анықтай алмаса, не күмәні болса, осы сайтқа өзінің науқасындағы бөртпенің суретін енгізіп, осы сайт арқылы дертті нақтылап, анықтауға болады, - деді Аймұрат Жеткізгенов. 

Ал зияткерлердің жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Ақмарал Алмабекова «SkinSaver» сайтын жасау арқылы дерматология саласындағы деректер базасын көбейтіп, медицина қызметкерлері мен студенттерге көмек көрсеткісі келгенін және денедегі кез келген бөртпені фотосурет арқылы анықтау үшін оқушылар Python бағдарламалау тілін қолданғанын айтты. 

Халықтың 84%-ы басты 4 аурудан көз жұмады

Әлемде өлім-жітім бойынша басты 4 ауру түрі анықталған. Ол жүрек-тамыр аурулары, онкологиялық аурулар, өкпенің респираторлық ауруы мен қант диабеті. Бұл туралы «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова айтты. 

Оның айтуынша, инфекциялық аурудан және балалар мен ана өлімін қосқандағы өлім-жітім 11% құрайды екен. 

Маскүнемдік, нашақорлық, темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және қозғалыстың аздығы сияқты жаман әдеттер адам өліміне әкеліп жатқан басты 4 ауруға жеткізеді. Өлімге әкелетін осындай аурудың қауіптілігін төмендету мақсатында «Денсаулық» қауымдастығын құрып отырмыз. Бір сәтте адамдардың жаман әдеттерін өзгерту мүмкін емес. Дегенмен зиянды азайту стратегиясы әлемде тиімді жүзеге асып жатыр. Бұл әр адамның денсаулығын сақтауға бағытталған және денсаулыққа зиянды әрекеттерге тыйым салуға емес, оның салдарын азайтуға бағытталған тәсіл, - дейді ол. 

Оның айтуынша, адамдарға зиян келтіретін көптеген нәрседен бірден бас тарту оңай болмайды, ол тіптен біздің күнделікті өмірлік салтымызға еніп кеткен. Сондықтан онымен күресте медицина қызметкерлері, ғалымдар, ҮЕҰ, бизнес пен БАҚ өкілдері қабыса жұмыс істеуі керек. 

Мәселен, темекінің зияндылығын төмендету бойынша көп нәрсе жасалып жатыр. Біз оны бірден жоя алмаймыз, бірақ, кезең-кезеңімен оның зияндылығы төмендетіліп келеді. Алкоголь өнімін тұтыну бойынша Қазақстан әлем бойынша алғашқы ондықта, ал Орта Азияда бірінші орында. Қазір ауыр спирттік өнімнен жеңіліне өту мәселесі қаралуда. Бұл тұрғыда, әрине, бизнес көмектесуі керек, яғни спирттік өнімді аздап шығару керек. Сондай-ақ, ет жеудің адам денсаулығына зиянды екенін білеміз. Бірақ одан халық бас тартпайды, ол біздің салтымызға еніп кеткен. Дегенмен оны тұтынуды азайтып, шөп өнімдерін тұтынуға ауысуымыз қажет. Сол сияқты насихат жұмыстарының арқасында қант, тұз өнімдерін аз қолдануға көшіруіміз керек. Мұның барлығы кезең-кезеңімен жүруі керек, - дейді Бақыт Түменова.

0 пікір
Мұрағат