HarperCollins Израилді мектеп атласынан алып тастады
|
Католик епископтардың конференциясы ағылшын тілінде оқытатын мектептерге арналған атлас картасынан Израилді алып тастағаны үшін әлемдегі аса ірі баспалардың бірінен саналатын HarperCollins баспасының басшылығын айыптап, сынға алды. Бұл жайында The Telegraph ақпарат агенттігі хабар таратты. Баспа өнімдерін шығаратын Collins Bartholomew корпорациясының еншілес кәсіпорны болып табылатын HarperCollins атлас картасын шығарумен айналысады. Аталмыш баспаның жетекшілері палестиналықтарға басқыншылық саясат жүргізіп отырған Израилге қырын қарайтын Парсы шығанағындағы клиенттері үшін осындай қадамға барғандарын алға тартты. Англия және Уэльс епископтарының конференциясы өз кезегінде баспа жетекшілерінің бұл әрекеті Палестина-Израиль қатынасын одан ары ушықтыратынын тілге тиек етіп отыр.