Ғалымдар ғаламдық жылынудың тежеуішін тапты
Ғалымдар ғаламдық жылынудың тежеуішін тапты
10 жыл бұрын 3772

Ғалымдар ғаламдық жылынуға қарсы күресте таптырмайтын құрылғы ойлап тапты. Оның артықшылығы: тозбайтын арзан материалдан жасалған. Ғаламдық жылынуға көмірқышқыл газының бірден бір себепкер болып отырғандығын ескерсек, аталған құрылғы ауаның ластану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Яғни, көмірқышқыл газын сіңіріп алады. Құрылғының материалы кәдімгі пластиканың «туысы» болып табылады. Алдағы уақытта бұл құрылғы электр станциясының түтін шығаратын құбырына орнатылатын болады. Материалдың түзілу құрамына келсек, қошқыл түсті, ұнтақ тәрізді материал бір желіге байланған көптеген көміртекті молекуладан тұрады. Ол аса қатал қышқыл ортаға төзімді келеді. Бұл өз кезегінде оны электр станцияларында пайдалануға мүмкіндік береді. Сөз арасында ғалымдардың әлемде ауасы қатты ластанған аймаққа Азияны, дәлірегі, Азия құрлығының оңтүстік-шығыс аймағын жатқызып жүргенін айта кету керек. Мұны ең алдымен халықтың тығыз шоғырлануына орай өндірістің көбеюімен түсіндіреді.  

0 пікір
Мұрағат