Францияның Таяу Шығысқа қатысты жоспары қаншалықты жүзеге асады?
Францияның Таяу Шығысқа қатысты жоспары қаншалықты жүзеге асады?
9 жыл бұрын 2726

Француздардың Le Figaro басылымы хабарлағандай, осы елдің сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Израил мен Палестина арасындағы жанжалды реттеудің жаңа жоспарын ұсынған. Аталмыш жоспарға сәйкес аталған екі елдің арасындағы келіссөз 18 айға шектелуі тиіс. Бұған қоса, бұл келіссөзде Палестина мемлекетінің шекарасы 1967 жылдың маусым айының 4-і күні белгіленген шекара бойынша бекітілуі тиіс. Яғни, Құдыстың шығысы Палестинаның астанасы болуы керек. Бұл дегеніміз Құдыс шаһары екі елдің де астанасына айналуы қажет. Сондай-ақ, ол екі елдің арасындағы қатынас «палестиналық босқындар мәселесін шешуге бағытталған, оларға өтемақы төлеуге негізделген әділетке» құрылуы тиіс. Алайда, 18 айдың ішінде екі ел келісімге келе алмаса, Франция Палестинаны ғана мемлекет ретінде тануға мәжбүр болады. Францияның бұл ұсынысын қазіргі уақытта Араб елдері лигасы қарастырып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат