Еуропаның жетекші елдері басшыларының мәлімдемесі
Еуропаның жетекші елдері басшыларының мәлімдемесі
9 жыл бұрын 4822

Париж мегаполисіндегі араб әлемі институтының мінберінен сөз сөйлеген Франция президенті Француа Олланд радикалдардың кесірінен мұсылмандардың жазықсыз жапа шегіп отырғанын айта келіп, дәстүрлі ислам мен экстремизмнің аражігін ажырата білудің қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталды. «Араб әлемін жаңғырту» деп аталатын форумның ашылу салтанатында: «Франция – талқылауға жатпайтын құндылықтар елі. Бұл елде мұсылмандар өзге азаматтар секілді барлық құқыққа ие. Бұған зайырлы қоғам өлшемдері кепіл болады»,- деп мәлімдеді. Сондай-ақ, ол мұсылмандарға қарсы қандай да бір әрекетті ұйымдастырғандар қатаң жазаланатынын қадап айтты. Ал оның әріптесі, Германия канцлері Ангела Меркель бундестагта осы елдегі мұсылмандарды тікелей өз қорғауына алатынын мәлімдеді. Яғни, Германияда да мұсылмандарға қарсы іс-әрекеттерге барғандардың заңмен қудаланатынын тілге тиек етті. 

0 пікір
Мұрағат