Денсаулық: Қытайлық науқастың бүйрегінен 420 тас шықты
Денсаулық: Қытайлық науқастың бүйрегінен 420 тас шықты
9 жыл бұрын 4838

Қытайда науқастың бүйрегінен 420 тал тас шықты. Бұл туралы «Соуху» ақпараттық сайтына сілтеме жасап 24.kz хабарлайды.

Қытайдың Дуңяң қаласы Хуаңдян ауданындағы Хе есімді тұрғыны сол жақ бүйрегінің үнемі сыздап тұратынын айтып шағымданған.

Бұл ауру оны 20 жылдан бері мазалап келіпті. Бірақ қарапайым шаруа емдеу ақысын төлей алмағандықтан, ауруханаға аттап баспаған. Бұл жолы бүйрегінің шаншуы шыдатпай кеткендіктен қарызданып дәрігерге тексерілген.

«Бірінші тексеріс нәтижесін көргенде, қатты қорықтым», – дейді науқас. Дәрігерлерлер оған жедел операция жасап, 45 минут бойы 420 дана қиыршық құмды алып тастады.

 

Жеткіншек бір ай бойы көзіне түскен құрт жайлы білмей келген

Лима қаласының дәрігерлері 17 жастағы науқастың көзінен 3 сантиметрлік құрт тапқан. Тұрғын көзіне түскен құрт жайлы бейхабар болған. Бұл жайында Нұр.кз ақпарат көзі хабар таратты.

 

Жасөспірім көзінің үсті ісіген соң Ұлттық балалар ауруханасына келген. Дәрігерлер құрттың баланың көзіне қалай түскенін түсіне алмай отыр, деп хабарлады Вести.ру.

Желіде отаның жасалып жатқан кезінде түсірілген видео пайда болды. Бас офтальмолог Каролина Марчеланың сөзіне қарағанда, құрт бала басындағы терінің астына кіріп, оның миына зақым келтіруі мүмкін. Құртты шығару үшін дәрігерлер науқастың бетіне райхан гүлінің майын жаққан.

Ашыққан құрт майдың иісін сезіп шыққанда, дәрігерлер оны пинцеттің көмегімен суырып алды. Ота бірнеше сағатқа созылды. Абырой болғанда, Лима тұрғыны  жапа шеккен жоқ, жақын арада ол қайта көре алатын болады. Бұдан бұрын Канада азаматшасының құлағы мен көзінен 120 дернәсіл алынғаны хабарланған болатын.

 

ЖОО-да оқыған адамдар ми жарақатынан тез жазылады

АҚШ ғалымдарға арналған басылымдары жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған білімді адамдар басқаларға қарағанда ми жарақатын жеңіл өткеретінін жазды.

Бұған сараптама жасап, зерттеген ғылыми басылым – Neurology. ЖОО-да оқып, бітірген мамандардың миға зақым келген ауруларға төзімді болатыны жайлы тұжырымға жақында ғана осындай жарақат алған 769 адам қатысқан зерттеу жұмыстары кезінде келген.

Мамандар зерттеу жұмыстарына қатысатын 769 адамды білім сатыларына қарай үш топқа бөлген. Бірінші топқа мектеп бітірген немесе мектеп бітірмеген адамдар бөлінсе, екінші топқа орта білім алған адамдар және қосымша курс оқыған азаматтар кірген. Ал үшінші топқа ЖОО-да бакалаврды тәмамдаған, магистратура және докторантура сатысы бойынша білім алған адамдарды топтастырған. Бақылау бір жылға созылған. Нәтижесінде жоғарғы білімі бар азаматтар басқалармен салыстырғанда кез келген жарақатқа қарамай ми жарақаттарын тез өткеріп, төзімділік таныта білген.

«Жоғарғы оқу орындарында білім алып, тәмамдаған қатысушылар білім деңгейі төмен басқа қатысушыларға қарағанда жеті есе ерте жазылған. Ал екінші топтағылар бес есе ерте әл жинап, орнына келді», – дейді осы зерттеудің авторы, доктор Эрик Шнайдер.

Мектеп бітірумен ғана шектелген және мектептегі білімді де толық аяқтай алмаған қатысушылар ұзақ уақыт бойы орнына келе алмай, шаршаған көрінеді. Осы арқылы зерттеуге ат салысушылар білімнің адам денсаулығына да пайдасы барына көз жеткізген, деп жазады massaget.kz.

 

АҚШ дәрігерлері науқастың бас сүйегінің жартысын ауыстырды

АҚШ-та Техас штатының дәрігерлері ота жасап, пациентке басқа адамның бас сүйегінің көлемді бөлігі ауыстырды, деп жазады «ВВС» агенттігі.

55 жастағы Джим Бойзен есімді адамның қатерлі ісіктен емделгеннен кейін жазылмай, бітпей қалған үлкен ашық жарасы болды.

Ота жасалғаннан кейін ол дәрігерлердің оған бас сүйегін қалай жақсы таңдағанын айтып, тіпті қондырылған шаштарының бұрынғыға қарағанда көп екені туралы әзілдеген.

Бұған дейін осындай пациенттерге жасанды имплантаттар немесе қарапайым бас сүйектері қондырылған болатын.
Бұл пациентке донордың бас сүйегінің шаштары бар үлкен бөлігі қондырылған бірінші ота болды.

Хьюстонның ауруханасында отадан кейін екі апта жатқан Джим Бойзен бүгін үйіне оралмақ.

 

Ер адам миына ота жасаған кезде гитарамен ән салып берді (видео)

Бразилияның 33 жастағы тұрғыны Энтони Кулкамп Диас миынан ісікті алып тастауүшін жасалып жатқан операция кезінде гитарамен ән салды.

Бұл туралы Росбалт хабарлады. 33 жастағы банк қызметкері ота жасау кезінде  мамандар оның сезім мен сөйлеу, қозғалыс қабілеттеріне жауап беретін бөліктеріне зақым келтірмеу үшін ояу болу тиіс екен.

Ер адам ота кезінде Beatles тобының хит әнін Yesterday-ді орындайды. Сондай-ақ өзі шығарған әндердің де бірнешеуін айтып шыққан.

Тіпті ота кезінде дәрігерлермен де әңгімелескен. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттің белсенділігі ота жасау процесін бақылауға оңай қылды. Олардың айтуынша, ота сәтті  аяқталды.

 

0 пікір
Мұрағат