Дания саясаткері мұсылмандарды фашистерге теңеді
Дания саясаткері мұсылмандарды фашистерге теңеді
10 жыл бұрын 3167

Дат халық партиясының өкілі Могенс Камр кәрі құрлықтағы жағдайды талқылай келе мұсылмандарды гитлерлік жаулап алушыларға теңеді. «Еуропадағы жөйттердің басындағы ахуалға келетін болсақ, мұсылмандар Гитлер тоқтаған жерден жалғастыруда», – деп жазған саясаткер өзінің Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Осы мәлімдемесі үшін ол нәсілшілдік кемсітушілікке жол беріп, ұлт араздығын қоздырып отыр деп айыпталды. Бір кездері, дәлірегі, 2003 жылы ол батыс Еуропада мұсылмандардың шектен тыс қаптап кеткені жөнінде атышулы мәлімдеме жасап, алдыңғы қатарлы, озық ойлы жұртшылықтың наразылығына қалған еді. Бұған қоса, 2005 жылы ислам елдерінен келген иммигранттардың Даниядағы демографиялық ахуалының нашар екенін, яғни, мұсылмандар арасында туу көрсеткішінің төмендігін сынға алып, қоғамға ешқандай пайда әкеліп отырған жоқ деп басқаша сайраған болатын. Бұл жолы  екіжүзділігімен түпкі ниетін аңғартып алғанын сезбей қалған секілді.  

0 пікір
Мұрағат