Британ мұсылмандары үйсіз-күйсіз балаларды футболға баулуда
Британ мұсылмандары үйсіз-күйсіз балаларды футболға баулуда
10 жыл бұрын 3977

Әлем назары Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына ауғанда британ мұсылмандары бразилиялық үйсіз-күйсіз жеткіншектерге футбол әлеміне үңілуіне мүмкіндік беріп, балалар арасында жарыс ұйымдастырды.

«Бұл балалардың ештеңесі жоқ. Олар футбол жейдесін кигенде нағыз футболшы сияқты көрінеді. Олардың өздері де өздерінің футболшы екеніне нық сенеді»,- деді «Мұсылман алақаны» деп аталатын менеджерлік бағдарламаның жүзеге асыруға көмектесіп жүрген Осман Лон. 

Ноттингемде ірге тепкен «Мұсылман алақаны» атты қайырымдылық ұйымының бір мүшесі Рио-де-Жанейроға келіп, Пәкістандағы және Филиппиндегі үйсіз-күйсіз балалардан жасақталған командаларға демеуші болды.

«Футболдан көше балаларының әлем чемпионаты» деген атпен ұйымдастырылған жарысты әлемнің түкпір-түкпіріндегі 19 елден 230-дан аса бала тамашалаған екен.

0 пікір
Мұрағат