|
Биылғы босқындар саны белгілі болды
|
Қарулы қақтығыс пен саяси қуғын-сүргіннен бас сауғалағандар қарасы биыл 80 млн-нан асқан. Бұл дерек Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасының Женевада жарияланған баяндамасында келтірілген. Босқындардың дені соғыстан сансыраған Сирия, Конго демократиялық республикасының, Сомалидің және Йеменнің азаматтарынан тұрады. 2020 жылдың алғашқы жартысында өз туған жеріне оралған босқындардың қарасы өткен жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 22%-ға кем болған. Ал өзге елдерден пана сұраған өтініштер үштен бірге қысқарған. Жұқпалы індет пандемиясына байланысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін