|
Биыл қанша адам босқын атанды?
|
2017 жылы әлемде 2 млн-нан аса адам түрлі себептермен, ең бастысы - соғыстың сойқанынан бас сауғалап босып кеткен. Бұл жайында Женева қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы комиссар басқармасының атқарушы комитетінің жыл сайынғы, осымен 68-ші рет өтіп отырған сессиясында БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі басқармасының жетекшісі Филиппо Гранди мәлім етті. Ол баяндамасында әлемде қанша адамның босқын атанғанын айтып қоймай, сонымен қатар, босқындардың басындағы жағдайға да кеңінен тоқталған. Босқындардың дені сырқатқа шалдыққан, ашқұрсақ әрі жарақат алғандар қарасы көп. Айта кетейік, 2016 жылы әлем бойынша 65,5 млн адам босқын атанған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)