Біріккен Араб Әмірліктері «Рашид» ай роверін ұшыруға дайындалуда
Біріккен Араб Әмірліктері «Рашид» ай роверін ұшыруға дайындалуда
1 жыл бұрын 1172 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

БАӘ «Рашид» (арабша «дұрыс жолмен жүру» деген мағынаны білдіреді) деп аталатын аппаратты айға - Жердің табиғи серігіне қараша айының 30-ы күні ұшырады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. БАӘ аталған аймақта Марсқа аппарат ұшырған алғашқы мемлекет. Бұл тараптағы жоспарға сәйкес ровер американдық Falcon 9 тасымалдаушысының көмегімен Флоридадағы учаскеден ғарышқа ұшырылады. Аталмыш араб елінің роверді ұшыру мақсаты Айдың геологиялық құрылымын зерттеуге, ғарыштық ортаның түрлі материалдарға әсерін зерттеуге саяды. Егер бұл жоба сәтті жүзеге асырылса, онда БАӘ айды «бағындырған» әлемдегі санаулы елдердің бірі атанады. Дәлірегі, бұл бағытта жетістікке жеткен АҚШ, Ресей Федерациясы, Қытай халық республикасының қатарын толықтырады.

0 пікір
Мұрағат