|
Бір қажының шайтанға тас лақтыруы (ВИДЕО)
|
Әлеуметтік желіде бір қажының шайтанған тас лақтырып тұрған сәті бейнеленген видео пайда болды және бұл видеоны тамашалағандардың қарасы артып келеді. Қажылықтағы ібіліске тас лақтыру рәсімінде ара-арасында кофе ұрттап қойып, тас лақтырғаны бұл видеоны көргендерді екіұдай сезімде қалдырды: аса маңызды рәсімде кофе ұрттағаны кейбіреулердің наразылығын тудырса, енді біреулердің таңданысында шек болмады. Оның бұл қылығы қажылықтың әдебінен аттағандай көрінген. Десе де, мынаны айта кету керек: асыл дінімізде тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген деп саналады. Алайда, әдеп сақтау – ол енді адамның ішкі мәдениетіне байланысты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Кей британ университеттері пайызсыз, яғни, «шариғи» жолмен қарыз береді
■
1985 жылдан бері Азияның бір елінде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы дүниеге келген балалардың саны 1 миллионнан асты
■
Қазақстанда алғашқы цифрлы банк құрылуы мүмкін