|
Бір ғана үлкен үйден тұратын қала (фото)
|
Уиттиер – Аляскідегі қала, 220 тұрғыны ғана бар, олардың бәрі 1956 жылы салынған 14 қабатты үйде тұрады. Полиция бөлімшесі де, шағын емхана да, дүкен де, шіркеу де осы үйде орналасқан. Уиттиер тұрғындары өздері тұратын үйден жүздеген метр қашық жатқан айлақта жұмыс істейді. Бұл қалаға су жолы арқылы немесе бірнеше шақырымға созылып жатқан тау соқпақтарымен жетуге болады. Климаты қатал да суық өлкеде орын тепкен жалғыз үй жылуды үнемдеуге мүмкіндік береді. Тұрғындар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Балалар мектепке бару үшін үйлерінен шығып, әуреге түспейді. Көп қабатты үйдің жанында фитнес орталық, шағын кафе жұмыс істейді.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
