Бір елдің өзінде көмір өндірісі жылына 1 млрд тоннаға дейін жетпек
Бір елдің өзінде көмір өндірісі жылына 1 млрд тоннаға дейін жетпек
2 ай бұрын 527 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Amit Dave / Reuters

Ақпан айының аяғына таман немесе наурыздың басында Үндістандағы көмір өндірісі рекордтық көрсеткішке жетпек – 900 млн тонна. Қаржылық жылдың (өткен жылдың сәуір айының 1-нен осы жылдың наурыздың 31-не дейін) соңына қарай бұл көрсеткіш жоспарланған деңгейден де асып түсуі мүмкін – 1 млрд тонна. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің көмір өнеркәсібі министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, Үндістан өткен қаржы жылында барлығы 893 миллион тонна көмір өндірген. Министрліктің есебі бойынша отандық көмір өндіру деңгейі бұрынғы көрсеткіштен 107 млн.тоннаға артады. Отандық өндірісті ұлғайту арқылы жергілікті билік отынның осы түрінің импортына тәуелділікті азайтуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта жергілікті кәсіпорындардың көмір қоры шамамен 85 миллион тоннаны құрайды, бұл шама бүкіл елді энергиямен толық әрі тоқтаусыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдің энергетикаға деген қажеттілікті негізінен көмір есебінен өтеуде. Көмір – қоршаған ортаны ең ластаушы қазбалы отындардың бірі. 2023 жылдың тамыз айының соңында Bloomberg іскерлік-сараптамалық орталығы Үндістанға 2050 жылға қарай атмосфераға бөлінетін парникті газдар мөлшерін таза нөлдік деңгейге дейін түсіру үшін энергетика саласына 12,7 триллион доллар инвестиция қажет екенін есептеп шығарған еді. Оның 2,7 триллионға жуығы төмен көміртекті энергетиканы дамытуға жұмсалуы керек.

Ұқсас материалдар:

«Үнділер ең лас отын өндірісін 1 млрд тоннаға дейін жеткізбек» (https://islam.kz/kk/news/alem/undiler-en-las-otyn-ondirisin-1-mlrd-tonnaga-deiin-jetkizbek-16746/#gsc.tab=0);

«Жаһандық проблеманы еңсеру үшін Үндістанға 12,7 трлн доллар қаржы керек» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-problemany-enseru-ushin-undistanga-127-trln-dollar-qarjy-kerek-19082/#gsc.tab=0);

«Жаһандық дағдарысты тереңдететін тағы бір жоба пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahandyq-dagdarysty-terendetetin-tagy-bir-joba-paida-boldy-19045/#gsc.tab=0);

«Түріктер көмір стансаларын көбейтуге наразы» (https://islam.kz/kk/news/alem/turikter-komir-stansalaryn-kobeituge-narazy-19163/#gsc.tab=0);

«Көмірді атмосфераға көп мөлшерде СО2 шығармай жағудың жолын тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirdi-atmosferaga-kop-molsherde-so2-shygarmai-jagudyn-jolyn-tapty-18519/#gsc.tab=0);

«Көмірді алмастыратын экологиялық зиянсынсыз отын түрі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/komirdi-almastyratyn-ekologiyalyq-ziyansynsyz-otyn-turi-paida-boldy-14336/#gsc.tab=0);

«Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-paidalanudan-rekord-ornatqan-el-16470/#gsc.tab=0);

«Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/komirdi-tutynu-molsheri-rekordtyq-dengeige-jetken-18955/#gsc.tab=0);

«Қытайдың бір ғана корпорациясының зияны күллі Пәкістанның зиянынан асып түседі» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytaidyn-bir-gana-korporatsiyasynyn-ziyany-kulli-pakistannyn-ziyanynan-asyp-tusedi-15936/#gsc.tab=0);

«Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-alemge-qauip-tondirip-tur-15600/#gsc.tab=0);

"Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-barlyq-damygan-elderdi-qosa-algandagy-molsherden-artyq-atmosferany-lastap-otyr-15193/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат