Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел
Көмірді пайдаланудан рекорд орнатқан ел
2 жыл бұрын 2100 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Huang Shipeng / ZumaPress / Globallookpress.com

2021 жыл қортыындысы бойынша Қытай әлем бойынша көмірді пайдаланудан көш бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қытай халық республикасы өткен жылы көмір жағудан он жылдық рекорд орнатқан – пандемияға байланысты кері кеткен эномикасын қалпына келтіру үшін. Қытайдың тек өз қарақан басын ойлап, қоршаған ортаға агрессиялық әрекетін, дәлірегі, жаһандық жылыну қарқынының бетін қайтаруға қатысты екіжүзді ұстанымын қатаң айыптаған эколог белсенділердің, бірқатар халықаралық ұйымдардың наразалығың Қытай билігі елең қылған емес. Қытай өткен жылы 5,24 млрд тонна стандартты көмір эквивалентіндегі энергияны пайдаланды (белгілі бір көлемдегі көмірді жағу нәтижесінде алынатын энергия мөлшері – ред.). Бұл көрсеткіш осы бағыттағы 2020 жылғы дерекпен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары. Ал оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 4,6 пайызға артқан.  Десе де Қытай климат дағдарысына себеп болып отырған факторларды болдырмау бағытында елеулі шаралар қабылдағынын да айта кетпеске болмайды, әсіресе, бұл «энергия жұты» атанған құрылыс пен өзге де салаларды шектеу немесе экологиялық зияны аз жобалармен алмастыру, энергия шығынын мейлінше азайту, көмір орнына газ, жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалану, т.б. Қытай билігі 2060 жылдарға дейін көміртектен ада елге айналдыруды алдарына мақсат етіп қойғанымен энергияны тұтыну немесе көмірқышқыл газының атмосфераға бөліну деңгейіне шектеу қойған емес әлі күнге. Керісінше 2021 жылы көмір шахталарын пайдалануда алға шығып, жылына 420 млн тонна көмір өндірген. Бұдан бөлек, қытай экономикасының энергиялық тиімділігіне қатысты түйіні тарқатылмаған түйіткілдер жетерлік. Жоспар бойынша 2021 жылмен салыстырғанда 2025 жылға қарай оның көміртегі қарқындылығын (экономика өскен кезде шығарылатын көміртегінің мөлшері) 18 пайызға қысқарту көзделген. Бұл ретте энергия сыйымдылығы (экономикалық өсу бірлігіне қанша энергия жұмсалатынын көрсететін көрсеткіш) 2025 жылға қарай 13,5 пайызға төмендеуі тиіс болатын. Тікелей шектеуді қоса алғанда электр энергиясын тұтынуды азайту бойынша елеулі шараларға қарамастан, өткен жылы бұл көрсеткіш жоспарланған үш пайыздың орнына 2,7 пайызға ғана төмендеген. Бұл мәліметтерден нені аңғаруға болады? Энергетика саласындағы аса ірі Rystad Energy консалтингтік компания өкілі Жастин Хосенің айтуынша, энергетикалық қауіпсіздік пен экономикалық көрсеткіш Қытай билігінің көміртектен ада елге айналдыру амбициясынан асып түскенін көрсетеді. Greenpeace сарапшыларының дәйегінше Қытай 2060 жылға дейін көміртектен ада елге айнала алмайды.

0 пікір
Мұрағат