Көмірді атмосфераға көп мөлшерде СО2 шығармай жағудың жолын тапты
Көмірді атмосфераға көп мөлшерде СО2 шығармай жағудың жолын тапты
1 жыл бұрын 849 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің катализ институтының бір топ ғалымдары сұйық катализатор қабатында отынды тиімдірек жағу үшін өздері ойлап тапқан «жасыл» әдісті оңтайландыра алды. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар шикізатқа биомассаны қосу арқылы атммосфераға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін 40%-ға қысқарта алған. Зерттеушілердің айтуынша, бұл процесс Цельсия бойынша 750 градуста тиімдірек және көмірге биомасса қосқаннан кейін жану тиімділігі 99,6 пайыздан асады. Ғалымдар, егер құрамдас бөліктердің арақатынасы - көмір мен үгінділер - 1-ден 3-ке дейін болса, онда көмірді жағумен салыстырғанда СО2 мөлшері 36% -ға төмендейтінін алға тартып отыр; бұған қоса, көміртегі тотығының концентрациясы (шоғарлыну деңгейі) 44% төмен (СО) болмақ. Бұдан бөлек, көмірқышқыл газынан 300 есе көп парниктік газ болып табылатын азот оксидтері өз кезегінде 29%-ға азаяды.

0 пікір
Мұрағат