Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен
Көмірді тұтыну мөлшері рекордтық деңгейге жеткен
10 ай бұрын 882 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Dominik Vanyi / Unsplash

Халықаралық энергетика агенттігінің сарапшылары келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы күллі әлем бойынша көмірді тұтыну деңгейі рекордтық көрсеткішке жеткен – 8,3 млрд тонна, 2021 жылы бұл көрсеткіш 7,9 млрд тоннадан аспап еді. Бұл жайында islam.kz порталы kommersant ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Отынның осынау түрін тұтыну деңгейі экономикасы қарқын алып келе жатқандықтан энергияға деген қажеттілігі жоғары Үндістан мен Қытай есебінен артып отыр. Әлемнің өзге елдерімен салыстырғанда көмірге деген сұраныс жағынан Үндістан мен Қытай бес пайыздан асатын көрсеткішімен алда тұр. ХЭА есебінше, осы жылдың аяғына дейін аталған екі азиялық елдің көмірді тұтынудағы үлесі 70 пайызға жетпек. Бұдан бөлек, Қытай мен Үндістан көмірді тұтыну деңгейі 2030 жылға дейін өсе береді. 2022 жылдың қазан айында ХЭА көмірді тұтыну деңгейі 2025 жылға дейін төмендей бастайды, ал 2030 жылға дейін көмірді тұтыну 5,15 млрд тоннадан, 2050 жылға қарай 3,8 млрд тоннадан аспайды деп болжаған болатын.

0 пікір
Мұрағат