Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр
Қытай әлемге қауіп төндіріп тұр
3 жыл бұрын 5755 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай атмосфераға парникті газды бөлу мөлшері бойынша әлемде көш бастап тұр әрі бұл тараптағы көрсеткіш жылдан жылға артып келеді, осыға байланысты әлем экологиясына қауіп төндіріп, жаһандық жылынуды жылдамдатуда. Осылайша Қытай климат өзгерісіне қарсы әлем елдерінің күресі мен шараларын зая кетіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректерге сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жылдың сәуір айында Қытай басшысы Си Сзинпин 2030 жылға қарай Қытайдағы атмосфераға көміртек бөлу мөлшері өзінің шарықтау шегіне жетіп, 2060 жылға дейін көміртектен ада межеге жететінін мәлімдеген болатын. Десе де Қытай бысшысы аталған мақсатқа қалай қол жеткізетіндерін ашып айтпады. Қытайдағы жан жасына шаққанда атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтар мен улы заттар АҚШ-тағымен салыстырғанда шамамен екі есеге аз, алайда, 1,4 млрд тұрғыны бар әрі экономикасы өркендеу үстіндегі Қытай атмосфераны ластау көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бүгінде Қытай халық республикасы атмосфераға парникті газдың әлем бойынша төрттен бірінен артығын бөліп отыр. Қытайда атмосфераны ластайтын негізгі сала – көмір өндіру әрі тұтыну. Яғни, көмір Қытайдағы негізгі энергия көзі болып отыр. Ол ол ма, Қытайда көмір өндірісі жылдан жылға артып келеді: қытай билігі ескі шахталарды жаппағаны былай тұрсын тағы 60 шақтасын ашып жатыр. Бұдан бөлек, көмір энергиясымен жұмыс істейтін екі немесе одан да көп электр стансалары салынып жатыр. Мұндай стансалар 30 жылдан 40 ылға дейін жұмыс істейтінін ескерсек, таяу болашақта Қытай билігінің көмір өндірісінен бас тарта қоятын түрі көрінбейді. Қытай билігі әлем қауымдастығын 2026 жылға дейін  көмірді пайдалануды біртіндеп азайтуға ниеттеніп отырғанына сендіргісі келеді және 2050 жылға дейін көмірді электр энергиясы үшін пайдаланудан мүлдем бас тартатынын жариялады. Оның орнын ядролық әне жаңғыртпалы энергия көздерімен алмастыратынын да жасырмады. Қытай билігі әлем қауымдастығы алдында бұл тараптағы ұстанымын қорғау үшін батыс елдерінің өткен шақтағы істегенінен істеуге қақылы екенін алға тартып, ақталумен келеді – батыс елдері экономикасын көтеру үшін атмосфераға зиянды қалдықтар мен улы заттарды бөлетін ресурсты молынан пайдаланғанын меңзейді. Синқуа университетінің ғалымдары мәлімдегендей, Қытай 2050 жылға қарай елдегі энергияның 90 пайызы ядролық және жаңғыртпалы энергия көздерінен алынады. Бұл бағытта Қытайдың аяқ алысы жаман емес: бүгінде Қытайға жететін ел жоқ күн энергиясын өндіруден. Бұдан бөлек, Қытайдың экологиялық жетістіктерін былайша тізбелеуге болады: Қытай әлем бойынша ірі қалаларда ауаның ластануымен күрес үшін «жасыл технологияны» алғашқы болып қолданған ел. Бұған қоса, электромобил саудасы бойынша Қытай әлемде етінші орыннан көрінді. Десе де аталған мемлекет тұрғындарының санын ескере отырып, Қытай аккумуляторлы көлікті сатудан және сатып алудан да өзге елдерді шаң қаптырып отыр. Қытайда шамамен әрбір 20-шы автокөлік электрмен жүреді. Мұның маңызы сонда – атмосфераны көміртекпен ластаушылар арасында көліктің үлесі төрттен бірін құрап отыр. Ең бастысы, Қытай көміртекпен күресу үшін орман шаруашылығын дамытуда ауқымды жобаларды жүзеге асырып келе жатқан ел. Сарапшылардың тұжырымы бойынша Қытай экономикасының ең басты артықшылығы – ұзақ мерзімді стратегияларға бағдарлана алады әрі аса ірі инвестицияны жұмылдыра алады. Тек осы мүмкінгдігі мен әлеуетін толық пайдаланса ғана, Қытай әлемге қауіп төндіретін ел емес, әлемге жасампыз қырымен танылатын өміршең жобаларымен үлгі көрсететін елге айналады.

Ұқсас материалдар:

"Қытай барлық дамыған елдерді қоса алғандағы мөлшерден артық атмосфераны ластап отыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-barlyq-damygan-elderdi-qosa-algandagy-molsherden-artyq-atmosferany-lastap-otyr-15193/#gsc.tab=0);

"Қытай жобасы Африканың түбіне жетуі мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/qytai-jobasy-afrikanyn-tubine-jetui-mumkin-15238/#gsc.tab=0);

"Қызыл кітапқа енген Қызыл ағаш Қытай асып жатыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/qyzyl-kitapqa-engen-qyzyl-agash-qytai-asyp-jatyr-12218/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат