Баласы үшін өзін құрбан етті (фото)
Баласы үшін өзін құрбан етті (фото)
9 жыл бұрын 4346

Осыдан 4 жыл бұрын Цю Юаньюань есімді қытайдың жас қызы Чжэнчжоу TV телеарнасы ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанып, бүкіл елге даңқы жайылған болатын. Бұл кезде ол өзінің сыныптасына тұрмысқа шығып үлгерген еді. Колледжді аяқтағаннан кейін жас жұбайлар Чжэнчжоуде жұмыс істеп, шағын пәтер сатып алады. Көп ұзамай Цю Юаньюанның жүкті болады. Сонымен қатар, аяғы ауыр әйелдің бойынан қатерлі ісік табылады. Егер Цю Юаньюань емделуге келісімін берсе, ол химиялық терапаиядан өтуі тиіс болатын. Алайда, бұл ем құрсақтағы шаранаға аса қауіпті еді. Біздің кейіпкеріміз ұрпағын ойлап, мұндай қадамға бармайды. Қайткен күнде өмірге дені сау перзент әкелуді ойлайды. Сол себепті, химиялық терапиядан бас тартады. Нәтижесінде дүниеге ұл бала келеді. Алайда, анасының денсаулығы күрт нашарлайды. Сөйтіп, Цю 26 жасында қатерлі ісіктен көз жұмды.

0 пікір
Мұрағат