Балаларды зорлайтындардың қарасы артып келеді
Балаларды зорлайтындардың қарасы артып келеді
9 жыл бұрын 3773

Ұлыбританияда 1400-ден аса адам балаларды зорлау бойынша күдікті тұлға ретінде танылған. Бұл жайында «Би-би-си» ақпарат көзі хабар таратты. Кейінгі кезде кеңінен етек алып бара жатқан осынау қылмыс түрі бойынша мәліметтер жинау мақсатында “Гидрант” операциясына кіріскен Полиция жетекшілерінің ұлттық кеңесі мәлімдегендей, кәмелет жасына толмағандарды зорлауға қатысы болуы мүмкін 1433 адамның 216-ы бақилық болып кеткен, 261 адам – елдің назарында жүретін саясаткерлер, спортшылар, шоу индустриясының, теледидар, радио және кино индустриясының өкілдері болып шыққан. Педофилдер мектеп қабырғасында, құлшылық орындарында, емханаларда, спор клубтарында және өзге де мекемелерде балаларды зорлап келген. Жәбір көргендер тарапынан 357 ұйымның үстінен шағым түсірген осы қылмыс түрі бойынша. Нақтырақ айтқанда, 666 шағым түскен. Норфолк графтығының полиция бастығы Саймон Бейлидің айтуынша, жария болған бұл мәлімет түпкілікті емес. Өйткені, мұндай қылмыс күн сайын орын алады.

0 пікір
Мұрағат