Бала табуға қарсы білім беру арқылы күреседі
Бала табуға қарсы білім беру арқылы күреседі
10 жыл бұрын 2990

2030 жылға қарай Мысыр халқының саны 120 млн адамға жетеді. Бұл жайында Albawabhnews ақпарат көзі осынау араб елінің тұрғындар ісі жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Демограф ғалымдардың айтуынша, пирамидалар елінде қазіргі уақытта дүниеге келген ұрпақтың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда 71 жасты құрайтын болады. Яғни, бұл болашақта өз кезегінде еңбек етуге жарамды тұрғындармен салыстырғанда қарттардың қарасын көбейтуге апарып соқтырады. Осыны ескерген аталмыш министрлік елдегі жылдан жылға көтеріліп келе жатқан туу деңгейін тежеу үшін, яғни, бұл тығырықтан шығу үшін әйелдерге білім беріп, кәсіпке баулуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Осылайша ерте тұрмысқа шығып, бала табудан басқаны білмейтін әйелдердің назарын білім мен жұмысқа аударып, демографиялық ахуалды реттеуді көздеп отыр. 2013 жылы Мысыр халқының саны 82 млн адамнан асып кеткен болатын. Айта кетейік, Мысырда алғашқы санақ сонау 1882 жылы жүргізілген екен. Сол кездің өзінде халық саны 6,8 млн адамды құраған болатын.

0 пікір
Мұрағат