Бала анасынан гөрі әкесінің тұқымын қуалайды
Бала анасынан гөрі әкесінің тұқымын қуалайды
9 жыл бұрын 3585

Солтүстік Каролина мамандары жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам анасынан гөрі әкесінің тұқымын қуалайды екен. Бұл жайында neelov.ru ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, балаға әкесінің ДНК-сы көбірек ықпал ететін болып шықты. Ғалымдар бұған көз жеткізе түсу үшін Collaborative Cross тышқанына тәжірибе жасайды. Өйткені, бұл тышқанның генетикалық әр алуандығы адамдардікіне өте ұқсас болып келеді. Осы тышқандардың үш тобын шағылыстыру арқылы 9 түрлі тышқан алған. Едәуір жетілгенінің денесіндегі түрлі ұлпаның гендік экспрессиясының деңгейін өлшеген. Нәтижесі ғаалымдарды қайран қалдырған. Әке жағынан берілген ген 60%-ға белсенді болып шыққан.

 

Балиғат жасына толмағандар ендігі жерде ата-анасының рұқсатынсыз үйлене алмайды

Ресей Федерациясында 20205 жылға дейінгі мемлекеттік отбасы саясатына арналған тұжырымдаманың бірінші кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарының жобасына әділет министрлігінің ұсынысы да енгізілді. Яғни, аталмыш ұсынысқа сәйкес балиғат жасына толмағандар ендігі жерде үйленуі үшін әке-шешесінің рұқсатын алуы тиіс. Ал бұрын, яғни, осы ұсыныс айтылмай тұрып үйленіп қойғандарға ата-аналары наразылық таныта алады, алайда, түпкілікті шешімді жергілікті билік қабылдайтын болады. «Известия» басылымының хабарлауынша, балиғат жасына толмағандар тек орынды себеппен ғана ата-анасының рұқсатынсыз бас қоса алады. Мәселен, жүкті болып қалу, т.б. Статискалық мәліметке қарағанда, 2013 жылы 1,22 млн неке қидырылған болса, оның он мыңға жуығы балиғат жасына толмағандардың үйлену тойы болып шыққан. 1991 жылы балиғат жасына толмай жатып, отау құрып, шаңырақ көтергендердің 81 мыңы қалыңдық болса, 13,5 мыңы – күйеу бала.

 

Мәскеуліктер жаппай аты-жөніндегі әкесінің аттарын аналарының есімдеріне ауыстыруда

Мәскеуде Халықаралық әйелдер күніне орай атам заманнан қалыптасқан, тәрбиеге жат, табиғат заңдылығына қайшы әлеуметтік шара өтуде.  .

Интернет желісінде бастау алған шараны жергілікті билік, танымал сахна жұлдыздары да қолдап отыр. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ресей астанасының тұрғындары аты-жөніндегі әкесінің аттарын аналарының есімдеріне ауыстыруда. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі 24.kz арнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Анаға құрмет көрсетудің жаңа үлгісі тұрғындар арасында бірден қолдау тапты. Мәселен, ресейдің танымал жұлдыздары аналарын 8 наурыз мерекесімен құттықтап, жоғарыдағыдай билбордтарды Мәскеудің көшелеріне іліп қойған. Жаңа идеяның авторларын Мәскеу билігі де қолдады. Осылайша жергілікті билік өкілдері тұрғындардың назарын қоғамдағы әйелдердің, әсіресе, жалғыз басты аналардың мәселелеріне аудармақ.

0 пікір
Мұрағат