Азық-түлік қауіпсіздігі: ет нарығындағы технологиялық тренд
Азық-түлік қауіпсіздігі: ет нарығындағы технологиялық тренд
34 минут бұрын 54 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

1998-2018 жылдар аралығында күллі әлем бойынша етті тұтыну көрсеткіші 58% -ға, 200-ден 360 миллион тоннаға дейін өсті. Дамушы елдердегі табыстың өсуі етке сұранысты арттырған негізгі фактор болды. Бұл жайында islam.kz порталы meatindustry.pro ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әсіресе, Қытайда етті тұтыну көрсеткіші жиырма жылда 72% -ға артып, бір адамға шаққанда шамамен 79 келіден айналды. Қытайдың үлесіне жаһандық өсімнің 34% тиесілі болды. Осыған ұқсас үрдіс Индонезияда тіркелген, онда қуатты экономикалық және демографиялық өсімнің арқасында тұтыну көрсеткіші бір адамға 19-дан 39 келіге дейін өсті. Салыстыру үшін алсақ: Америка құрама штаттарында тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда 110-нан 119 келіге дейін, Австралияда 99-нан 109 келіге дейін өсті. Бұл ретте Африка құрлығындағы қазіргі демографиялық өсім азық-түлік жүйелеріне қосымша салмақ түсіреді. Төтенше ауа райы құбылыстары, климат дағдарысы және температураның өсуімен байланысты құрғақшылықтан жайылымның тарылуы осы уақытқа дейін қалыптасқан аграрлық жүйені түбегейлі өзгертуі мүмкін. Әлем халқы азық-түлiк тапшылығын әлден тартып отыр. Жаһандық жылу, жауын-шашын сипатының өзгеруі және ресурстардың шектеулі болуы малдың денсаулығы мен өнімділігіне сөзсіз әсер етеді. Осындай сын-қатерлер, сарапшылардың айтуынша, болашақта мал шаруашылығын түбегейлі жоюы мүмкін. Мал шаруашылығы негізіндегі ет өндірісі тоқтауы мүмкін. Адамзат үшін тым қымбатқа түсетін болғандықтан. Бұған қоса, малдың түрлі індеттен жыппай қырылуы немесе жұқпалы ауру тарату қаупі де мал шаруашылығына деген көзқарасты өзгертеді. Бүгінде ауқымдылығы жағынан әлемдегі ең жылдам өсіп келе жатқан тағам технологиясы секторы стратегиялық маңызға ие. Болжам бойынша 2050 жылға таман тағам өндірісі екі есеге ұлғаяды. Табысы төмен және орташа Азия мен Африка елдерінде балық пен теңіз өнімдері жануарлар ақуызының 20% -дан астамын қамтамасыз етеді. Алайда, теңіз жануарларын артық аулау балық қорының 33,1% -ға кемуіне ықпал етпек.  2050 жылға қарай бір ғана Азия аймағында ет өнімдеріне сұраныс 75% -ға дейін өседі. Қытай билігі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін қоддан өсірілетін, яғни, жасанды ет өндірісін қолдайды, алайда, оның шығыны жоғары, оған қоса, бұл салаға инвестиция аз тартылған және адамзаттың ғасырлар бойы қалыптасқан тұтыну әдеттері технология брйынша өндірілетін ет өндірісіне қатысты Қытайдың жаһандық амбициясын тежеп отыр.

  • • - Қоршаған ортаға жоғары әсері: мал шаруашылығына негізделген ет өндірісі жер, су және мал азығы сияқты едәуір табиғи ресурстарды қажеь етеді, сондай-ақ, атмосфераға парникті газдардың көп мқлшерінің бөлінуіне ықпал етеді.
  • - Азық-түлік қауіпсіздігі проблемалары: Қытай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халық санының өсуі мен климаттың өзгеруі тұрғысынан бетпе-бет келіп отыр, әдеттегі ет өндірісін сыртқы факторларға әлсіз етеді, яғни, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мал шаруашылығының тиімділігі төмен.
  • - Жануар аурулары мен жұқпалы індет қатері: Қытай африкалық шошқа обасы сияқты ірі індеттермен бірнеше рет бетпе-бет келді, бұл фактор нарықта айтарлықтай үлестен қағылуға және ет тапшылығына алып келді.
  • Бұл түйткілдер Қытайды әдеттегі ет өндірісіне қарағанда әлдеқайда тұрақты және шығыны да аз, қауіпсіз балама жолды іздеуге мәжбүрлейді.
  • Өсімдік компоненттерінен жасалған немесе зертханада өсірілген жасанды ет бірқатар экологиялық және азық-түлік проблемалары шешуде мынадай артықшылықтарға ие:
  • - Климатқа әсері төмен: жасанды ет өндірісі жерді, суды және энергияны едәуір аз талап етеді, сондай-ақ, дәстүрлі ет өндірісімен салыстырғанда атмосфераға парникті газдарды аз бөледі.
  • - Қолдан өсірілген ет: бұл әдіс жасушалық технологияларды пайдалану арқылы ет өндіруді ұйғарады. Жануарлар жасушалары зертханаларда өсіріледі, онда олар өсу үшін қажетті қоректік заттарды алады, мұндай технология жануарларды асырау, өсіру және сою маашақатынан құтқарып, жайылым, жем-шөп, су ресурстарына кететін шығынды болдырмайды, яғни, мейлінше үнемді әрі тиімді тәсіл.
  • - Өсімдік негізіндегі ет: Бұл саладағы әзірлемелер етті дәмі мен текстурасы бойынша имитациялайтын өнімдерді жасау үшін бұршақ және соя ақуызы сияқты өсімдік ақуыздарын пайдалануды ұйғарады. Қытай компаниялары өсімдік баламаларының жаңа рецептуралары мен жақсартылған текстураларын белсенді әзірлеуде.
  • • Алайда, технология бойынша ет өндірудің келешегі болаатынына қарамастан, жасанды ет индустриясы бірқатар сын-қатерлерге тап болады:
  • - Жоғары өндірістік шығындар: қазіргі уақытта өсірілген ет өндірісінің құны жоғары болып қалып отыр, бұл кедергі оның жаппай өндірілуін және нарыққа шығуын қиындатады.
  • - Тұтынушылық артықшылықтар: адамзат мал етіне үйреніп қалған және жасанды етті қабылдаумен байланысты мәдени кедергілерді еңсеру индустрия үшін маңызды мәселе болып қала береді.
  • - Реттеу және стандарттар: Жасанды ет өнімдері үшін реттеуші нормалар мен стандарттарды әзірлеу маңызды факторға айналып отыр, дәлірегі, жаасанды еттің  қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік беретін стандартты әзірлеудің ппроцедурасы әлі қалыптасқан емес.

 

0 пікір
Мұрағат