Ажырасқан ата-аналардың міндеттері белгілеейтін ереже бекітілді
Ажырасқан ата-аналардың міндеттері белгілеейтін ереже бекітілді
2 сағат бұрын 79 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаңа хартия Біріккен Араб Әмірліктеріндегі балаларды отбасылық жанжалдардан қорғап, ажырасқан ата-аналардың екеуінің де бала өміріне араласып, тәрбиесіне атсалысуын сақтап қалуға бағытталған. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу-Дабиде ажырасқан ерлі-зайыптылардың немесе ата-анасынан ажыраған балалардың мүдделерін қорғауға көмектесетін жаңа құжат бекітілді. Жаңа ереженің басты қағидаты - ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастың үзілуі бала алдындағы жалпы міндетін орындау талабынан құтқармайды. Құжат отбасылық жанжалдардың балаларға әсерін азайтып, олар үшін тұрақты әрі қауіпсіз жағдайды сақтауға бағытталған. Ата-аналар баланы арадағы кикілжіңге тартпауы, оның ажырасу себептерін талқыламауы, т.б. тиіс. Сондай-ақ, балалармен кездесуі, қаржылық қолдау көрсетуі керек және баланы араға салып немесе баланы пайдаланып, екінші тарапқа қысым көрсету тәсілі ретінде пайдалануға тыйым салынады. Ажырасқаннан кейін ана мен әкесі баланы тәрбиелеуге бірлесіп қатысуды жалғастыруы тиіс. Бұл талап білім беруге, медициналық көмекке, маңызды сапарларға және басқа да маңызды шешімдерге қатысты. Баламен бірге тұратын анасы немесе әкесі ажырасқан бұрынғы зайыбына баланың денсаулық жағдайы, мектептегі жетістіктері мен іс-шаралары туралы хабарлауға тиіс. Бұл талаптарды орындамаған, балаға тікелей қамқор болған не әкесі немесе шешесі сот шешімі бойынша балаға қамқор болу құқығын келесі тарапқа (не әкесіне немесе шешесіне) береді. Бұдан бөлек, баламен бірген тұратын әкесі немесе шешесі бөлек тұратын анасымен немесе әкесімен кездесу ұйымдастырып отыруы міндетті. Осылайша баланы ажырасудың жағымсыз салдарынан қорғап, отбасылық құндылыққа тәрбиелеуді көздейді.

0 пікір
Мұрағат