Әлемнің бір елі ВИЧ-ті ұлттық дағдарыс деп жариялады: әр 60 тұрғынның біреуі қауіпті дертке шалдыққан
Әлемнің бір елі ВИЧ-ті ұлттық дағдарыс деп жариялады: әр 60 тұрғынның біреуі қауіпті дертке шалдыққан
42 минут бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Фиджи үкіметі АҚТҚ-ның (АҚТҚ – адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы)  таралуы соңғы бес жылда үш есе дерлік өсті, деп есептейді. 2025 жылы халқының саны 900 мыңнан асатын Тынық мұхитының оңтүстік-батысындағы шағын аралда 2019 жылмен салыстырғанда АҚТҚ жұқтырғандар 16 есе көп тіркелген. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Фиджи АИТВ-ны (адамның иммунтапшылығы вирусы) денсаулық сақтау саласындағы ұлттық дағдарыс, деп жариялады. Тынық мұхиты аралының үкіметі бұл туралы осы аптаның басында жариялап, 2025 жылы ВИЧ-тің 2 016 жаңа диагнозы тіркелгенін мәлімдеді, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 16 есе көп. Деректер вирустың есiрткiге тәуелдi және жезөкшелік сияқты қоғамға қауiптi топтардың шегiнен асып, неғұрлым қалың халыққа таралғанын көрсетедi. Фиджи билігінің мәліметінше, ересектер арасында аталмыш вирустың таралу қарқыны бес жыл ішінде 900 000-ден астам адам тұратын елде үш есе дерлік өскен. «Есеп бойынша қазіргі уақытта әрбір 60 ересектің біреуі бес жыл бұрынғы 167-мен салыстырғанда АИТВ-мен өмір сүреді», - деп мәлімдеді үкімет. «Жүкті әйелдердің 100-ден екеуі АИТВ-мен өмір сүреді, ал 2025 жылы АИТВ-мен 59 бала дүниеге келді, олардың 18-і алғашқы туған күніне жетпей шетінеп кеткен», - делінген хабарламада. Денсаулық сақтау министрі Рату Атонио Лалабалаву және тағы төрт жаңа министрлер кабинеті «жедел әрекет ету үшін кедергілерді жоюға көмектесетін» кіші комитет құрады. Елордада және Суба айлақты қаласында орналасқан әкімшілік АИТВ-ға тегін тестілеу, алдын алу қызметтері мен ем-дом шараларын кеңейтетінін мәлімдеді, соның ішінде жедел тестілеу, алдын алу, жоғары қауіп тобындағы адамдарға арналған медицина, инъекциялық есірткілерге келтірілген зиянды азайту шаралары және АИТВ диагнозы қойылған адамдарға арналған тегін емдеу кіреді.  «Фиджи, сондай-ақ, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Жаһандық қор және Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса алғанда, халықаралық серіктестерден қолдау алады», деп мәлімдеді ел билігі. Ол бүкіл ел бойынша тестілеу тегін және құпия екенін еске салып, «Сіздің АИТВ-мәртебеңізді білуіңіз өз денсаулығыңыз бен басқалардың денсаулығын қорғау үшін саналы қадамдар жасауға мүмкіндік береді» деген болатын. Женевадағы UNAIDS Фиджидің  бұл қадамын құптады. БҰҰ ұйымы фиджиялық науқастардың жартысынан астамы аталған дертті жыныстық жолмен, ал 42% астамы инъекциялық есірткіні қолдану арқылы жұқтырғанын мәлімдеді. ЮНЭЙДС-тің бағалауынша, жаңа инфекциялар саны 2010-2025 жылдар аралығында Фиджиде 12 есеге артқан. Сондай-ақ, 2025 жылы вируспен өмір сүретін 9 100 адамның тек 39% ғана өзінің АИТВ-мәртебесін білсе, ал 22% -ы ғана антиретровирусты емдеуге қол жеткізе алған. Тынық мұхит аралдары, мәселен, Фиджи, Австралия мен Жаңа Зеландияның табысы көп нарықтарына баратын Латын Америкасы мен Азиядан есірткінің транзиттік тораптарға айналды. Бұл транзиттік әлеует, сондай-ақ, шетелдiк қылмыс синдикаттарының жергiлiктi серiктестерiнің қызметін есірткі өнімдерімен есеп айырысуы, яғни, ақы төлеуi нәтижесiнде арал тұрғындары арасында есiрткi тұтынатындардың көбеюіне алып келдi.

Өткен жылғы дерек бойынша елімізде 4 мың адам осы кеселмен өмір сүреді (statbase.ru дерек көзінен) Ресейдің өзінде кем дегенде 1 млн-нан аса адам осы аурудан зардап шегеді. Қытайда да осы көрсеткіш (1 млн). Ал күллі әлем бойынша әр 100 мың адамға шаққанда 70 адам дертке шалдыққан (dentalklas.com дерек көзінен) ВИЧ науқстар саны бойынша әлемде Оңтүстік Африка республикасы бірінші орында тұр – 7 млн 600 мың; екінші орында Үндістан – 2 млн 600 мың адам; үшінші орыннан Мозамбик көрінген – 2 млн 500 мың; төртінші орында – Нигерия (2 млн); ал алғашқы бестік құрамының соңында – Танзания (1 млн 800 мың). Жыл сайын вирусты жұқтырған адамдардың саны 10% -ға артады. Әлемде әрбір 100 мың адамға шаққанда 70-не АИТВ диагнозы қойылған.

Это фото, сделанное 19 марта 2026 года, показывает команду программы Medical Services Pacific Moonlight, предлагающую бесплатное тестирование на ВИЧ во время информационного визита в пригород Сувы.

 

 

0 пікір
Мұрағат