Қабырға артына жасырылған қазына (видео)
Қабырға артына жасырылған қазына (видео)
45 минут бұрын 65 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әбу Біләл есімді сириялық қария араға табаны күректей 15 жыл салып өз үйіне оралғанда ең алдымен қабырғаны бұзып, оның артына жасырылған ұлының кітапханасын аршып алды. Бұл жайында islam.kz порталы Kursiv LifeStyle ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіні елең еткізген бұл жаңалық арыдан ойластыратын адам ақылының жарқын мысалын көрсетіп берді. Әрі өнеге, әрі үлгі тұтатын. Аласапыранға толы аттай он бес жыл бойы гипсокартонның қалың қабатының артында жүздеген кітаптар, құжаттар және отбасының соғыс салдарынан жоғалтып алудан қорыққан заттары сақталған. Әбу Біләл кітаптарды 2011 жылдың қазан айында Сирияда үкіметке қарсы жаппай наразылық басталған кезде жасырған екен. Кувейтке кетер алдында ол үй ішінен тағы бі қабырға тұрғызып, ұлының кітаптарын жасырды. Осылайша кітапхананы тоналудан, тәркіленуден немесе жойылып кетудан сақтап қалды. Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылы Сирияда президент Башар Асадтың шексіз билігіне қарсы жаппай наразылық басталған болатын. Бұл толқу 14 жылға жуық уақытқа созылған азаматтық соғысқа ұласып, жүздеген мың адамның өліміне алып келді. Осы уақыт ішінде миллиондаған сириялық әскери әрекеттер мен қудалаулардан қашып, шетел асты. 2024 жылдың желтоқсан айында ғана қарулы оппозиция Дамашықты алды, Елу жыл бойы елді ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстаған Асад әулетінің режимі ақырында құлады. Әбу Біләлдың ұлы Біләл Алуан қазір жазушы және белсенді, отбасымен Кувейтте тұрады. Әкесінің қабырғаны бұзып, сырт көзден жасырын кітапхананы тауып алған бейнені әлеуметтік желіде жариялады. Онда діни және философиялық кітаптар, хадистер, фиқх және тәпсір (ислам құқығы және Құранды түсіндіру) жөніндегі еңбектер, Пайғамбарлардың өмірбаяндары, Құранның даналары және оның зерттелгені туралы куәліктер сақталған. Коллекциядағы кейбір туындыларға Башар Асадтың тұсында оқуға, басып шығаруға, тасымалдауға, таратуға қатаң тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат