АҚШ-та мұсылман оқушылардың қайырымдылық шарасы қорытындыланды
АҚШ-та мұсылман оқушылардың қайырымдылық шарасы қорытындыланды
9 жыл бұрын 3295

АҚШ-тың Гретна қаласындағы Мұсылмандар академиясының оқушылары өткен жылғы, яғни, бір жыл ішіндегі өздері жүзеге асырған қайырымдылық шарасының есебін жасап, қорытындысын шығарды. 2014 жылы олар тек жергілікті балаларға ғана емес, әлемдегі мұқтаж балалар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатын. Осыған байланысты Muslim Academy's National Honor Society бірлестігі осынау игі істердің нәтижесін жария етті. Қайырымдылық шараларының біріне Жаңа Орлеандағы балалар ауруханасында ем қабылдап жатқандарға емізік, сурет салатын бояу, қағаз, т.б. ойыншықтар жинау жобасы жатады. Осындай жобалардың қатарында жылу жинауды мақсат тұтатын «Тиын соғысы» деп аталатын, жыл сайын ұйымдастырылатын жоба да бар. Әр сынып қаржы жинаудан жарысқа түседі. Жиналған қаражатты «Mercy USA» қайырымдылық ұйымына аударады. Олар өз кезегінде бұл қаражатты аса мұқтаж балалардың керек-жарағына жұмсайды. Биыл осы жоба бойынша 4-ші сынып оқушылары 1000 доллар жинап, жеңімпаз атанды.  

0 пікір
Мұрағат