Алып акуланың асқазанынан адам басы табылды
Алып акуланың асқазанынан адам басы табылды
9 жыл бұрын 4777 Wikimedia Commons

Филиппин балықшылары салмағы 600 келі тартатын алып акуланы қарнынан жартылай қорытылған адам басын алып шықты. 30 жыл бойы балық аулауды кәсіп еткен 48 жастағы Бодойя Горгода өмірінде мұндай сұмдықты бірінші рет көріп тұрғанын жеткізген. Бұл жайында  Mirror ақпарат көзі хабар таратты. Оның үстіне, акуланың денесінен бөлінген жағымсыз иіс те балықшылардың тынысын тарылтқан. Жергілікті тілшілердің пайымдауынша, акуланың қарнынан табылған адам басы үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 13-і күні Камигин аралы маңында апатқа ұшыраған Maharlika паромымен сапар шеккен жолаушылардың бірінікі болуы мүмкін. Осы апатта жүздеген адам әупірімдеп аман қалған болатын. Алайда, екі адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендердің санатында екенін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат