Аталмыш қор 135 елде сауалнама жүргізіп, алғашқы орынға АҚШ пен Мьянма елін шығарыпты. Қор мамандары АҚШ елін алғашқы орынға 3 санат бойынша да лайықты деп таныған. Ал алғашқы елу елдің қатарында Өзбекстан 28-ші орынға табан тіреген. Сирия 30-шы орында. Тәжік елі 34-ші. Ирак 43-ші болса, Сауд Арабиясы 47-ші белесте деп қорытынды шығарған. Айта кету керек, ел ішінде жиі қақтығыстар орын алатын Сирия, Ирак секілді елдерде экономикасы қарыштап дамыған өзге елдерге қарағанда қайырымдылық шаралары жиі өткізіледі екен.
ummet.kz-ақпарат