|
Әлемнің 500 ықпалды мұсылман тұлғасы анықталды
|
Амман корольдігі Стратегиялық зерттеу ислам орталығы әлемнің ықпалды 500 мұсылман тұлғалар тізімін жариялады. Аталмыш зерттеу 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді.
Көш басын Иордания королі Абдалла II әл-Хусейн бастап тұр. Екінші орында «әл-Әзһар» университетінің жоғары шейхі Ахмад Мұхаммед әл-Таиб бар. Үшінші орында Сауд Арабиясы королі Салман ибн Әбдел Әзиз.
Мұнан әрі тізімді Иран ислам республикасының көшбасшысы Аятолла Сайид әл Хаменей жалғастырады. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тізімінің 9-шы қатарында. Бұл қатарда Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердымұхаммедов, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді