Әлемегі пластик қоқыстың тек он пайызы ғана өңделетін болып шықты
Әлемегі пластик қоқыстың тек он пайызы ғана өңделетін болып шықты
3 жыл бұрын 2177 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы келтірген дерекке қарағанда, өткен жылы әлемдегі пластик қоқыстың тек 19 пайызы ғана өртелген, елу пайыздайы қоқыста қалған, ал 22 пайызы бақылауда жоқ полигондарды жойылған. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пайдаланылған пластиктің әлем бойынша он пайызға жетер-жетпесі ғана өңделетін болып шықты. ЭЫДҰ мәліметіне үңілсеңіз, 2019 жылы 460 млн тонна пластик пайдаланылған, бұл 2020 жылға көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Ал бұл мерзімде қоқысқа тасталған пластик екі есе көбейіп, 353 млн тоннадан асқан.

Адамзат пластиктен бас тартуға келісіп отыр

Адамзат өкілдерінің шамамен 75 пайызы, яғни, адамзаттың үштен бірі бір жолғы пайдаланылатын пластиктен біржола әрі жедел бас тартуды жақтап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тарапта арнайы әлеуметтік сауалнама жүргізген IPSOS зерттеу компаниясының сайтына (ipsos.com) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пластик өндірісі мен тұтынылуына тыйым салуды қолдайтындар қарасы 2019 жылдан бері 71 пайыздан 75 пайызға дейін артқан. Аталмыш ауқымды сауалнамаға әлемнің 28 елінен 20 мыңнан аса адам тартылған. Олардың 82 пайызы азық-түлікті пластипен қаптаудан бас тартуды жақтап отыр, 2019 жылы мұндай бас тартушылар қарасы 75 пайыздан аспаған еді. Бір жолғы пластиктен бас тартуды жақтағандар арасында пластиктен көп зардап шегіп отырған Үндістан, Мексика, Колумбия тұрғындарының қарасы көп, олай болатын себебі, аталған елдерде халық саны көп болуына байланысты бір жолғы пластикті ең көп тұтынады әрі пластик қоқыстан қоршаған орта қатты ластанып отыр. Эколог белсенділердің мәлімдеуінше, аталмыш сауалнама нәтижесі әлем елдерінің билігін бұл тарапта елеулі қадам жасауына итермелеуі тиіс, дәлірегі, климат дағдарысына байланысты 2015 жылы Париж қаласында өткен келісімнен маңызы кем түспейтін пластик келісімін бекітуі керек. Осы ақпан айының соңына таман Кенияда Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдер әлемнің пластикпен одан ары ластануына жол бермеуді көздейтін ғаламдық келісім-шарт бойынша алқалы жиын өткізеді. Ал мұндай келісім-шарттың қабылдануына қатысты өз алдына бөлек жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, сұрау салынғандардың 90 пайызы мұндай құжат сөзсіз қабылдануы тиіс, деп есептейді. Алайда, бұл бағыттағы келісім-шартта пластик қоқысты жинау, өңдеу секілді мәселені түбегейлі шешпейтін шешімдер бола ма немесе пластик өндірісіне толық тыйым салу секілді шектеу шаралары қолданыла ма, әзірге белгісіз. Десе де мұдай келісім-шартты түпкілікті бекітуге кем дегенде екі жыл кететінін алға тартып отыр сарапшылар. Бұған пластик өндірісін баламалы өндіріспен алмастыру секілді таза техникалық себептер әсер етпек. Дегенмен Кенияда өтетін алқалы жиында пластике қатысты негізгі проблемалар анықталып, түйіндер тарқатылады. WWF зерттеуі бойынша бұл бағытта келісім-шарт бекітілмесе, онда алдағы он жылда әлемдік мұхиттағы пластиктен теңіз жануарлары жаппай қырыла бастамақ. Болжам бойынша 2040 жылға дейін пластмасса өндірісі екі еседен асады, осыған байланысты әлемдік мұхитқа бүгінгі мөлшерімен салыстырғанда 2050 жылға қарай төрт есе артық пластик қоқыс тап болады, ал судағы микропластик деңгейі 50 есеге көтеріледі. 

Ұқсас материалдар:

«Бір жолғы емес, бірнеше рет пайдалануға болатын пластик шөлмектен қауіпті қосындылар табылды: олардың 70%-ы беймәлім қосындылар» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bir-jolgy-emes-birneshe-ret-paidalanuga-bolatyn-plastik-sholmekten-qauipti-qosyndylar-tabyldy-olardyn-70-y-beimalim-qosyndylar-16415/#gsc.tab=0);

«Пластик пакет қағаз пакетке қарағанда экологияға зияны аз болып шықты»  (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastik-paket-qagaz-paketke-qaraganda-ekologiyaga-ziyany-az-bolyp-shyqty-15723/#gsc.tab=0);

«Суда іріп, ыдырап жоғалатын пластиктер» (https://islam.kz/kk/news/arturli/suda-irip-ydyrap-jogalatyn-plastikter-15771/#gsc.tab=0);

«Пластик пакеттен экологиялық дизелді отын алынды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/plastik-paketten-ekologiyalyq-dizeldi-otyn-alyndy-16118/#gsc.tab=0);

«Пластикті залалсыздандырудың тағы бір тәсілі табылды» ( https://islam.kz/kk/news/gylym/plastikti-zalalsyzdandyrudyn-tagy-bir-tasili-tabyldy-15793/#gsc.tab=0);

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жа»ыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат