Әлемдік мұхит деңгейі 1 метрге көтеріледі
Әлемдік мұхит деңгейі 1 метрге көтеріледі
4 жыл бұрын 2810 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2100 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 1 метрге көтеріледі. Бұл алапат апат. Бұған жаһандық жылыну себеп болмақ. Десе де бұл салдары жойқын апаттың алдын алуға болады. Ол үшін парникті газдың атмосфераға бөліну мөлшерін мейлінше азайту керек. Бұл жайында Сингапурдегі Наньян технологиялық университетінің ғалымдары мәлім етті. Бұл арада жер планетасының жақын және орта мерзімді болашақта орын алуы ықтимал екі климаттық сценари турасында сөз болып отыр. Осы бағытта 100-ден аса халықаралық ғалымдар мен сарапшылар тобы бірлесе жұмыс істеп жатыр. Егер жаһандық жылыну индустриялық кезеңге дейінгі көрсеткіштермен (2 °C) шектелсе, онда 2100 жылға қарай әлемдік мұхит деңгейі 0,5 м-ге, ал 2300 жылға қарай 0,5–2 м-ге көтеріледі. Егер температура 4,5 °C-қа артса, онда әлемдік мұхит деңгейі 2100 жылға қарай 0,6 метрге дейін, 2300 жылға қарай 1,7-ден 5,6 метрге дейін көтерілмек. Бұл бағыттағы зерттеуге басшылық еткен Наньян технологиялық университетінің азиялық қоршаған орта мектебінің жетекшісі, профессор Бенджамин Хортон әлемдік мұхит деңгейіне қатысты болжамның өмірлік маңызы мен көкейтестілігін назарға алынатын болса, бұл өз кезегінде болашақта орын алуы мүмкін алапат апаттың алдын алуға әрі ықтимал қатерге бейімделуге көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат