|
Әлемдегі ең тыныш кітапхана ашылды
|
Оқырман ештеңеге алаңдамастан, жайбарақат отырып, кітап оқуына мүмкіндік беретін ғимарат теңіздің жағасына салынған.
Сәулетшілер оны тұрғызу барысында кітапханананың барынша жырақта орналасуына басты назар аударған екен. Бұл жайында nur.kz сайты newsru.com. ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Саньлянь қоғамдық кітапханасы тұрған жерде ешқандай көше, тіпті жол да жоқ. Сол себепті оған тек жаяу ғана жете аласыз. Мұндағы оқу залының терезесінен жағаға соғып жатқан теңіз толқынын көруге болады.
Ашылғанына аз уақыт болса да, ол әлемдегі ең тыныш кітапхана ретінде танылды. Ал осы жоба авторларының бірі, сәулетші Дон Гун кітапханада отырып, оқу кезінде тек ғана жалғыздық пен тыныштықты сезінгендігін айтыпты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды