Әлемдегі ең кәрі егіздер дүниеден өтті
Әлемдегі ең кәрі егіздер дүниеден өтті
9 жыл бұрын 3996 Фото fedpress.ru

Ұлыбританияда әлемдегі ең кәрі егіздер 103 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Олар араларына бірнеше апта салып қайтыс болған. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Алдымен Гленис Томас 23 сәуір күні көз жұмса, 20 мамыр күні оның әпкесі Флоренс Дэвис өмірден озды.

Апалы сіңлілер өмір бойы Оңтүстік Уэльстегі Абетридр деген шахтерлардың шағын қаласында көрші тұрған. Олардың үйлерінің арасын бір ғана қабырға бөліп тұрыпты. Туыстарының айтуынша, олар бір-бірін өте қатты жақсы көрген және ешқашан бір-бірінен алыстамаған.

Гленис Томастың қызы Гвенда Стейси мәлімдегендей, егіздер өте қарапайым және бақытты өмір сүрген. Томастың қызынан бөлек үш немересі, тоғыз шөбересі және бір шөпшегі бар. Ал, әпкесі Гленистің үш баласы, тоғыз немересі және 12 шөбересі болған.

Апалы-сіңлілер зейнетке шыққанға дейін еден жуушы болып жұмыс істеген. Екеуінің де күйеулері ертеректе қайтыс болып кеткен.

0 пікір
Мұрағат