Әлемде өзін тек жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергиямен 100% қамтамасыз еткен тұңғыш ел пайда болды
Әлемде өзін тек жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген энергиямен 100% қамтамасыз еткен тұңғыш ел пайда болды
3 жыл бұрын 5000 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тасмания билігі өзін тек жаңғыртпалы энергия көздерінен өндірілген электр энергиясымен қамтамасыз ету деңгейіне жеткенін жаһанға жария етті. Осылайша аталған ел жаңғыртпалы энергиямен өзін толық қамтамасыз етуші  ел ретінде тарихта аты қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таяу жылдары тек өздерінен қажетті мөлшерден де артық энергия өндіруге қол жеткізетінін де мәлімдеді. Тасманияның энергетика министрі Гая Барнетт электр энергиясын жел және гидроэнергетикалық жобалардан өндіріп отырғандарын жеткізді. Тарихқа сәл шегініс: Тасмания жаңғыртпалы энергия жобасын 1895 жылдан бастап қолға алған ел. Дәлірегі, ел аумағындағы Лонсестонда Duck Reach электр стансасын іске қосудан басталады. Бұрын Тасмания газ бен көмірді сырттан тасымалдайтын. Яғни, импортқа тәуелді болатын. Тасманияның энергетика министрі Гая Барнеттің айтуынша, Грэнвилл айлағындағы электр стансасында соңғы жел турбинінің іске қосылуы жаңғыртпалы энергия көздерінен елді 100% энергиямен қамтамасыз етуге қол жеткізді. Ендігі жерде соңғы екі турбинді пайдалануға берсе, Тасмания аңығртпалы энергия көздерінен өндіретін энергия сағатына 10741 ГВт-қа жетеді. Ел тұрғындары тұтынатын орташа деңгейден жоғары көрсеткішке қол жеткізеді.

0 пікір
Мұрағат