|
Әлемде ашыққандар саны 258 млн адамға жетті
|
Өткен жылы күллі әлем бойынша ашқұрсақ өмір сүретіндер қарасы 65 млн адамға көбейіп, жалпы есепте бұл көрсеткіш 58 елде 258 млн-ға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуопалық одақ, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымар кіретін Ғаламдық азық-түлік дағдарысына қарсы желінің баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, ашқұрсақ өмір сүретіндер қарасының күрт артып кетуіне қарулы қақтығыстар мен соғыс, төтенше ауа райы, пандемия салдары себеп болған. Әсіресе, Сомали, Ауғанстан, Конго демократиялық республикасы, Судан және Йеменде ашыққандар саны 38 млн адамға жеткен. Ал ашыққандардың 35 млн-ы – бес жасқа толмаған балалар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды