|
Адамды салмағы мен бойына қарап, кемсітуге заңмен тыйым салынды
|
Нбю-Йорк мегаполисінің қалалық кеңесі адамды бойы мен салмағына қарап кемсітуге заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде CNN телеарнасына жөн сілтеген Trend ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң талабына сай мұндай кемсітуге пәтер іздегендерге, жұмысқа тұрғысы келетіндерге және қоғамдық орындарды жол берілмейді. Мұндай бірегей заң АҚШ-тың алты қаласы мен бір штатында қолданыста. Осы орайда адамды соңғы кезде кеңінен етек алған семіздік індетіне байланысты кемсіту оқиғаларының жиілеп кеткенін айта кету керек. Мұндай кемсіту күллі АҚШ аумағында таралған. Бұған қоса, артық салмақтан зардап шегетін әйелдердің салмағы қалыпты әйелдерге қарағанда 5,25 доллар кем табыс табатыны анықталып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді