Әйелдерге жүкті болуға уақытша тыйым салынды
Әйелдерге жүкті болуға уақытша тыйым салынды
8 жыл бұрын 3762

Бразилияның солтүстік-шығысында ораласқан алты бірдей штатында аяғы ауыр әйелдің ішіндегі шарананың миын зақымдайтын Зика вирусының өршуіне байланысты оларға жүкті болуға уақытша тыйым салды. Яғни, бала көтергісі келетін әйелдерге бұл ниетін кейінгі шегере тұруға кеңес берілді. Бұл вирусты Aedes aegypti масалары таратады. Масаның бұл түрі, сонымен қатар, безгек, Денге, Чикунгунья вирустарын да таратады. Бұл жайында «Yahoo Parenting» ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне қарағанда, өткен жылы, яғни, 2015 жылы микроцефалимен (баланың басы мен миының жетілмей қалуы) туғандардың саны артып кеткен. Мәселен, Бахия штатында 2014 жылы 147 бала осындай кемістікпен туған, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 2400-ден асып кеткен. Айта кетейік, Зика вирусы алғаш рет 1947 жылы Африкада және Уганда да байқалған.

 

 

0 пікір
Мұрағат