|
Адамзаттың қатары 2014 жылы 80 миллион адамға артты
|
Адамзаттың қарасы алдағы 35 жылдың ішінде 34 пайызға артып, 9,76 млрд адамды құрайтын болады. Бұл деректі «Жер тұрғындары» деп аталатын ганноверлік қор келтірді. Биыл адамзаттың саны шамамен 80 млн адамға артқан. Келесі жылы, яғни, 2015 жылдың бас кезінде адамзаттың саны шамамен 7,3 млрд адамды құрайды. Нақтырақ айтқанда, еуропалықтар 10 пайызды, африкалықтар 15 пайызды, ал азиялықтар 60 пайызды құрамақ. «Әр секундта планета тұрғындары орташа есеппен алғанда 2,6 адаммен толығады», - деп айтылған аталмыш қордың баяндамасында. 2050 жылға қарай азиялықтардың қарасы 54 пайызға, ал еуропалықтардың саны 7,5 пайызға кемиді екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды