Адамзатқа төнген ең басты қауіп аталды. Ол пандемия емес
Адамзатқа төнген ең басты қауіп аталды. Ол пандемия емес
3 жыл бұрын 38678 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы жүргізген адамзат тарихындағы аса ауқымды сауалнама нәтижесі жарияланды. Әлем тұрғындарының дені адамзатқа төнген ең басты қауіпті климат өзгерісімен байланыстырған. Бұл жайында islam.kz порталы beta.documentcloud.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы сауалнамаға ұзын-ырғасы әлемнің елу елінен 1,2 млн адам қатысқан. Респонденттердің 64 пайызы климат өзгерісін төтенше жағдайға жатқызған. Сауалнамаға қатысқандардың арасында климат өзгерісін қауіп көретіндердің дені Батыс еуропа мен Солтүстік америка тұрғындары болып шықты – яғни, климат өзгерісін қауіп санайтын әлем тұрғындарының (64 пайыз) 72 пайызын еуропалықтар мен америкалықтар құрап отыр. Бұдан бөлек, жаһандық жылынуға себеп болып отырған атмосфераның көмірқышқыл газымен ластану деңгейі жоғары ел тұрғындарының дені жаңғыртпалы энергия көздерін пайдалануды климат өзгерісімен тиімді күресуге мүмкіндік береді деп есептейді: Австралиялық респонденттердің 76 пайызы, америкалық респонденттердің 65 пайызы жаңғыртпалы энергия көздерін пайалануды жақтап отыр. Осы орайда Ұлыбританиядағы ид университеті ғалымдарының климат өзгерісіне қатысты жантүршігерлік деректі келтір кетуді жөн көріп отырмыз: 1994-2017 жылдар аралығында әлем бойынша 28 трлн тонна мұз еріп кеткен, бейнелеп айтқанда, бұл көрсеткіш күллі Ұлыбритания аумағын 100 метрге дейін қаптаған тұзға тең.

Ұқсас материалдар: 

"Климат өзгерісіне қарсы тұруға көмектесетін екі жаңалық" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/gylym/klimat-ozgerisine-qarsy-turuga-komektesetin-eki-janalyq-14216/#gsc.tab=0);

"Климат өзгерісі мен азық-түлікке сұраныс биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасын 80 жылдың ішінде 23%-ға тарылтады" (сілтемесіhttps://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-men-azyq-tulikke-suranys-biologiyalyq-turlerdin-tirshilik-etu-ortasyn-80-jyldyn-ishinde-23-ga-taryltady-14378/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат