Адамдардың 99,9 пайызы уланған ауамен тыныс алады – ғалымдар
Адамдардың 99,9 пайызы уланған ауамен тыныс алады – ғалымдар
1 жыл бұрын 878 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың пікірінше, ауа ластануының қауіпсіз деңгейі болмайды. Бұл жайында islam.kz порталы The Washington Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Австралиядағы Монаш университетінің ғалымдары әлем халқының 99,9%-дан астамы құрамында РМ 2,5 рұқсат етілген концентрациясынан асатын ауамен тыныс алатынын көрсететін зерттеу нәтижесін жариялады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгілеген шегі бойынша PM 2,5 концентрациясы 1 м3 5 микрограмнан аспайтын ауа қауіпсіз деп саналады, бірақ, мұндай ауамен халықтың 0,001% ғана тыныс алады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижелері атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздерін, соның ішінде электр стансаларынан, өнеркәсіптен және көлік түрлерінен бөлінетін зиянды заттардың шоғырлану деңгейін мейлінше тиімдірек азайту қажеттілігін көрсетеді. Ғалымдар ауаның ластануының ең жоғары деңгейі Шығыс және Оңтүстік Азияда, сондай-ақ, Солтүстік Африкада тіркелгенін және бүкіл әлем бойынша жылдың 70% күндерінде ұсынылған шектен жоғары ластану деңгейі байқалатынын анықтады. Дегенмен, зерттеу заңнаманың және ластануды азайту бойынша бірлескен күш-жігердің арқасында қатты әрі қауіпті бөлшектердің деңгейі Еуропа мен Солтүстік Америкада төмендегенін көрсетті. Кейбір жерлерде ауаның ластану деңгейі жыл мезгіліне байланысты да жоғары болды, мысалы, Қытайдың солтүстік-шығысында қатты бөлшектердің деңгейі қыс мезгілінде жылу үшін қазбалы отынды пайдаланудың артуына байланысты қыста көтерілді, ал Амазонкада тамыз және қыркүйек айларында фермерлердің жерді өңдеу жұмыстарына байланысты бөлшектердің деңгейі жоғары болды. Бұл бағыттағы зерттеу, сонымен қатар, 2019 жылы әлемде ауаның ластануы салдарынан 7 миллионға жуық адамның қайтыс болғанын және PM2.5 бөлшектерінің 2,5 микронға дейін қан мен өкпеге еніп, қатерлі ісіктерді қоса алғанда, салдары ауыр ауруларға ұрындыруы мүмкін екенін көрсетіп берді. ДДСҰ ұсынған PM2.5 деңгейі 2021 жылға қарай екі есеге ұлғайтылды және ластануды азайтуға бағытталған шектеу шаралары қысқартылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдын ала стандарттарына қарамастан, адамзаттың тек 1,8%-ы ғана таза ауамен тыныс алады және көптеген ғалымдар ауаның ластануының қауіпсіз деңгейі болмағандықтан, ауаның аздаған концентрациясының өзі адам денсаулығына кері әсер етеді. 

Ұқсас материалдар:

"Адамзаттың 99%-ы ластанған ауамен тыныс алады" (https://islam.kz/kk/news/alem/adamzattyn-99-y-lastangan-auamen-tynys-alady-16643/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауа да алжуға бастайды. Аутизм мен ластанған ауа арасында байланыс бары анықталды" (https://islam.kz/kk/news/madeniet/lastangan-aua-da-aljuga-bastaidy-autizm-men-lastangan-aua-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-17606/#gsc.tab=0);

"Ластанған ауадан адам жүрегі кенеттен тоқтауы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/arturli/lastangan-auadan-adam-juregi-kenetten-toqtauy-mumkin-17675/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануы жүрек құрылымын өзгертеді − ғалымдар" (https://islam.kz/kk/news/arturli/auanyn-lastanuy-jurek-qurylymyn-ozgertedi-galymdar-10676/#gsc.tab=0);

«Аэрозолдер мен көмірқышқыл газының адам денсаулығына әсері анықталды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aerozolder-men-komirqyshqyl-gazynyn-adam-densaulygyna-aseri-anyqtaldy-17626/#gsc.tab=0);

"Ауаның ластануынан жыл сайын алты млн шарана шала туады" (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-alty-mln-sharana-shala-tuady-15826/#gsc.tab=0);

«Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/las-auadan-oilim-jitim-kobeiip-barady-15724/#gsc.tab=0);

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

"Тропикалық белдеуде жылына 100 мыңдай адам ластанған ауадан өлген" (https://islam.kz/kk/news/alem/tropikalyq-beldeude-jylyna-100-myndai-adam-lastangan-auadan-olgen-16641/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0) 

«Бүгінде адамзатқа жұқпалы індеттен де қауіпті қатер аталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/buginde-adamzatqa-juqpaly-indetten-de-qauipti-qater-ataldy-13928/#gsc.tab=0);

«Елімізде ластанған ауадан жылына қанша адам көз жұмады немесе Қазақстан көмірден қашан бас тартады?» (https://www.islam.kz/kk/news/qazaqstan/elimizde-lastangan-auadan-jylyna-qansha-adam-koz-jumady-nemese-qazaqstan-komirden-qashan-bas-tartady-15756/#gsc.tab=0);

"АҚШ дизайнері ауа ластанған кезде түсін өзгертетін киім ойлап тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqsh-dizaineri-aua-lastangan-kezde-tusin-ozgertetin-kiim-oilap-tapty-video-5964/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат