Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады
Лас ауадан өілім-жітім көбейіп барады
2 жыл бұрын 1454 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қоршаған ортаның ластануынан әрі қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуге бағытталған экологиялық бағдарламалардың халықаралық қорлар тарапынан жеткілікті деңгейде қаржыландырылмауынан жыл сайын өлім-жітім көрсеткіші артып келеді Clean Air Fund деп аталатын қайырымдылық ұйымының сараптама нәтижесіне қарағанда, жыл сайын ауаның сапасыздығынан жасына келмей болатын өлім-жітім көрсеткіші 4,2 млн адамға жеткен. Әлем бойынша. Бұдан бөлек, әр адамға табиғатқа немқұрайды қараудан (қоршаған ортаны ластау тұрғысынан алғанда) үш жыл бұрын өлу қатері төніп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы табиғат жанашырлары мен белсенділерінің cleanairfund.org ақпарат көзінде келтірілген дерегіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың есебінше, атмосфераның ластануынан болатын өлім-жітім көрсеткіші соңғы он жыл ішінде 31 пайызға артып кеткен. Бұған экологиялық бағдарламаларға бөлінетін қаржыны үнемдеу себеп болып отыр. Clean Air Fund мәліметі бойынша 2015-2020 жылдар аралығында ауаның ластануымен күресуге арналған жобаларға халықаралық гуманитарлық көмектің тек 0,7 пайызы ғана жұмсалған. Мұндай демеуқажрының дені халықаралық даму банктерінің тарапынан бөлінген, ал әлем елдерінің экологиялық бастамаларға бөлген қаражаты мардымсыз – шамамен 0,2 пайыз. Өкінішке қарай, 2019-2020 жылдар аралығында қазбалы отынды пайдалануды одан ары ұзартатын жобаларға ауаны тазарту жобаларына қарағанда 21 пайызға артық қаржы жұмсалған – шамамен 1,5 млрд доллар. Сондай-ақ, аталған ұйым белсенділерінің есебі бойынша Африка елдерінде 2015-2020 жылдары ауа сапасын талдауға бар-жоғы 40 мың доллар ғана бөлінген – атмосферада зиянды тозаңдардың (асфалт, резина, күйе, т.б. тозаңдары турасында сөз болып отыр бұл арада) бар-жоғын тексеруге арналған 42 станса ғана салынған. 2019 жылы аталған кедей елдерде ауаның ластануынан 390 мың адам жасына жетпей ерте көз жұмған. Мұндай ағдай тек Африка құрлығында ғана емес, сонымен қатар, Латын Америкасында да орын алып отыр.

Ұқсас материалдар:

«Ауаның ластануынан өлгендер саны короновирустан көз жұмғандардан екі есе көп» (https://islam.kz/kk/news/alem/auanyn-lastanuynan-olgender-sany-koronovirustan-koz-jumgandardan-eki-ese-kop-15058/#gsc.tab=0);

«Өткен жылы ауаның ластануынан 500 мыңдай бала көктей солды» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-auanyn-lastanuynan-500-myndai-bala-koktei-soldy-14313/#gsc.tab=0);

«Таяу Шығыстағы бір ғана елде ауаның ластануынан жыл сайын 33 мың адам опат болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/tayau-shygystagy-bir-gana-elde-auanyn-lastanuynan-jyl-saiyn-33-myn-adam-opat-bolady-12796/#gsc.tab=0);

«Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jylyna-7-million-adam-auanyn-lastanuy-saldarynan-koz-jumady-10143/#gsc.tab=0);

«Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша» (https://islam.kz/kk/news/alem/jylyna-auanyn-lastanuynan-qansha-ekonomikalyq-shygyn-keledi-nemese-adam-shygyny-qansha-11160/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат