Түркияның жетілдірілген жасырын жойғыш ұшағы TF-X кезекті сынақтардың бірінен сәтті өтті (видео)
Түркияның жетілдірілген жасырын жойғыш ұшағы TF-X кезекті сынақтардың бірінен сәтті өтті (видео)
12 ай бұрын 793 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: JohnNewton8 / Wikimedia Commons

Бұл жайында islam.kz порталы The Drive ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған басылым жердегі сынақтардан кейін биыл ұшу сынақтарын өткізуге талпыныс жасалатынын алға тартып отыр. The Drive агенттігі ұшу-қону жолағындағы ұшақтың фотосуреттерін зерттей келе жойғыш ұшақ Түркияда құрастырылған General Electric F110 қозғалтқышымен жабдықталғанын байқаған. Дәлірегі, бесінші буынға жататын TF-X жойғыш ұшағын түрік мамандары Түркия ресурсытарымен құрастырып шыққан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қаңтар айында аталған басылым түріктің бесінші буынға жататын, технологиялық озық жойғыш ұшағы кабинасына инфрақызыл сәулелі іздеу және қадағалау жүйесінің сенсоры және тұмсығында электрооптикалық бағдарлау жүйесі орнатылғанын байқаған. Сол айда Türk Havacılık ve Uzay Sanayii (TUSAŞ) бас директоры Темел Котил CNN Türk арнасында бесінші буын түрік жойғышының 2023 жылдың соңына дейін алғашқы ұшуын жасайтынын хабарлаған болатын.

 

0 пікір
Мұрағат