Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер бетіндегі он адамның тоғызы лас ауамен тыныстайтынын мәлімдеді. Соңғы сараптама жыл сайын 7 миллион адам атмосферадағы ауаның ластануы салдарынан көз жұматынын дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru сайтына сілтеме жасап.
|
Жылына 7 миллион адам ауаның ластануы салдарынан көз жұмады
|
Осындай жағдайдағы өлімнің 90 пайызы Азия, Африка елдерінде тіркелген.
«Ауаның ластануы – бәрімізге төнген қауіп, бірақ өмір сүру деңгейі төмен мемлекеттер көбірек зардап шегеді», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.
ДДҰ-ның мәліметінше, жер бетіндегі адамдардың 40 пайызы немесе 3 миллиард адам табиғи өнімнен дайындалған тағамға қол жеткізе алмайды. Сондай-ақ, ауаның ластануында шек жоқ, ауа сапасын жақсарту үшін билік барлық деңгейде шара қолдануы керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді