50-ден аса мемлекет өз аумағының 30%-ның экологиясын қорғауға міндеттеме алды
50-ден аса мемлекет өз аумағының 30%-ның экологиясын қорғауға міндеттеме алды
3 жыл бұрын 2304 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

High Ambition Coalition (HAC) коалициясының құрамына кіретін әлемнің 50-ден аса елі табиғатты қорғау келісімшартына отырды. Аталмыш келісімшарт талаптарына сай 2030 жылға қарай өз елінің аумағының 30%-ның экологиясын (мәселен, қорғауға алынған аумақтағы орман-тоғайды отамау, суын ауыл шаруашылығы немесе басқалай мақсатта пайдаланбау, т.б.) тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 1970-ші жылдардан бастап осы уақытқа дейін жануарлар популяциясының 68%-ы адамзаттың кінәсінен жойылып кетті. Жаппай жойылудың одан ары таралуына жол бермесі үшін аталмыш коалицияға мүше елдер осындай жауапкершілігі зор міндеттемені өз мойнына алып отыр. Бұл міндеттеме осы жылдың соңына таман табиғатты қорғауға арналған Қытайда өтетін аса ірі жиында кеңінен талқыланатын болады. Десе де сарапшылардың кейбірі бұл бастаманың орындаларына күмәнмен қарайды. Өйткені, әлемдік державалар соңғы он жыл бедерінде жабайы табиғатты қорғауға қатысты бірде-бір келісімі толық орындалған емес. Бұл жоба да осылардың кебін құшуы мүмкін. Біріккен Ұлттар Ұйымының биологиялық әр алуандылық жөніндегі конвенциясының атқарушы хатшысы Элизабет Марума Мрема аталмыш бастамаға қолдау білдіргенімен оның орындала қоятынына сенімсіздікпен қарап отыр. Бұдан бөлек, бұл бастамаға наразылық білдірушілердің айтуынша, бұл міндеттеме адамзат қарасының көбеюіне байланысты орындалмайтынын алға тартып отыр. Өйткені, мемлекеттің қорғауы мен қамқорлығына алынған аумақтың ұлғаюы өз кезегінде ауыл шаруашылығы үшін жарамды жер тапшылығын тудырып, өмір сүруге деген адам құқығының табанға тапталуына ол береді деп есептейді. Десе де бұл бастама Королдіктің құстарды қорғау қоғамы (RSPB) және Greenpeace секілді әлемдегі аса ірі экологиялық ұйымдар тарапынан қолдау тауып отыр. Алайда, бұл бастаманың қаржыландыру көзіне қатысты келісім әлі қабылданған жоқ: әр ел өзінше қаржыландыра ма, әлде халықаралық көмек қарастырылуы тиіс пе? Бұл басы ашық сауал күйінде қалып отыр.

0 пікір
Мұрағат